Геометриядан сабақ жоспарлары - 10 сынып
№1-сабақ.Түзу мен жазықтықтың параллельдігі
Түзу мен жазықтықтың паралельдігі
Тақырып: «Стереометрия аксиомалары».Түзу мен жазықтықтың паралельдігіне есептер шығару.
Мақсаты:
а)қарапайым математикалық ұйғарымдарды дәлелдеу үшін аксиома,оның салдарын және паралель және айқас түзулер шардың белгілерін,түзу мен жазықтықтың паралельдік белгісін қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
б)Оқушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру;
в)Оқушылардың абстрактылы ойлау қабілетін дамыту;
Типі:дамыту сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:а)түрлі сызбалар
Оқыту әдісі:тірек-сызбамен жұмыс
Барысы:1.Ұйымдастыру
А)оқушының сабаққа қатысуы
Б) Психологиялық ахуал
зейінін шоғырландыру
Тренинг өткізу:Сызба берілуі, тапсырма оқылады дұрыс болса, қол шапалақтайды-2 рет, дұрыс емес болса, келіспесе-қолдарын көтереді.
№ 2-сабақ. Векторлар.
Пән: геометрия
Сынып: 10
Күні: __________
Сабақтың тақырыбы: Векторлар.
Сабақтың мақсаттары:
- Білімділік: Векторларларға амалдар қолдану.
- Дамытушылық: 9 сыныпта өтілген тақырыптарды есеп шығару арқылы бекіту.
- Тәрбиелік: Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
- Векторларға амалдар қолдану
- Вектордың координаталары
- Векторлардың скаляр көбейтіндісі
- Ұқсас үшбұрыштар
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
- М(2;-5), Р(-5;-2), К(2;5) болса, МРК үшбұрышының периметрін табыңдар.
- а(7;2) мен b(-2;-3) векторларының скаляр көбейтіндісін табыңдар.
- Егер k гомотетия коэффициенті 2-ге тең болса, О центріне қарағанда берілген үшбұрышқа гомотетиялы үшбұрышты салыңдар.
- ~, , x, y, z-ті табыңдар.
Сабақты бекіту кезеңі:
- Векторлар
Үйге тапсырма:
- Егер k гомотетия коэффициенті 3-ке тең болса, О центріне қарағанда берілген үшбұрышқа гомотетиялы үшбұрышты салыңдар.
- А(1;4), В(-2;-3), С(1;-2) болса, АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.
- 3. а(3;-1) мен b(3;2) векторларының скаляр көбейтіндісін тап
Сабақты қорытындылау: «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісімен бағалау. Әр топ бір-бірін бағалайды
Геометриядан 10 сыныпқа арналған сабақ жоспарларды ТЕГІН жүктеп алу:
Файлды онлайн қарап алу: 10-synyp-geom-kgb-34-sagat.doc