Қазақша
математиктер сайты

Геометриядан сабақ жоспарлары - 11 сынып

Геометриядан сабақ жоспарлары - 11 сынып
Сабақ жоспарлау
06:37, 16 сәуір 2019
4 800
0

Тақырып: Қайталау. Стереометрия аксиомалары және олардың кейбір қарапайым салдар.Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі.

Мақсаты:

а)қарапайым математикалық ұйғарымдарды дәлелдеу үшін аксиома,оның салдарын және паралель және айқас түзулер шардың белгілерін,түзу мен жазықтықтың паралельдік белгісін қолдана білу дағдысын қайталау.

б)Оқушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру;

в)Оқушылардың  абстрактылы ойлау қабілетін дамыту;

Типі: Қайталау сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:а)түрлі сызбалар

Оқыту әдісі:  Практикалық жұмыс

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

А)оқушының  сабаққа қатысы

Б)психологиялық дайындығы, зейінін шоғырландыру

  1. Қайталау (сұрақтар)

1) Стереометрия нені зерттейді?

2) С тобындағы аксиомаларды тұжырымдап айтыңдар.

3) Нүктелердің жазықтықтағы түзуге қатысты орналасуының негізгі қасиетін тұжырымдап беріңдер.

4) Нүктелердің кеңістіктегі жазықтыққа қатысты орналасуының негізгі қасиетін тұжырымдап беріңдер.

5) Кеңістікте қандай түзулер айқас түзулер деп аталады?

6) Кеңістіктегі қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

7)Кеңістіктегі өзара параллель үш түзу туралы теореманы түсіндіріп беріңдер.

8) Кеңістікте түзу мен жазықтық қалай орналасуы мүмкін

9) Түзу мен жазықтық қандай жағдайда параллель болады.

10) Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін тұжырымда.

 

  1. Есептер шығару

№1 есеп.

АВСДА¹В¹С¹Д¹  кубы берілген, К€ВВ¹.

Салыңдар:

а) А¹К түзуінің α жазықтығымен қиылысу нүктесін

б) С¹К түзуінің α жазықтығымен қиылысу нүктесін

в) α жазықтығымен А¹К¹С¹ жазықтықтығының қиылысу сызығын

 

№2 есеп.

МАВС тетраэдрінің әрбір қыры 6 см. Д€МВ, Е€МС, F€АВ, АF=FB, P€MA

  • а)МАВ және М FС; б) МСF және АВС жазықтықтарының қиылысу сызығын атаңдар.
  • С F және АВС-ның ауданын
  • АВС жазықтығы мен ДЕ түзуінің қиылысу нүктесін қалай салатынын түсіндір.

 

№3 есеп.

АВСДА¹В¹С¹Д¹  кубы берілген, Р€ВВ¹, В¹Р€РВ.

  • АВС жазықтығы мен Д¹Р түзуінің қиылысу нүктесін қалай салатынын түсіндір
  • АД¹Р жазықтығымен АВВ¹ жазықтықтығының қиылысу сызығын қалай салады.
  • АР және АД¹ кесінділерінің қзындығын есепте, егер АВ=а.

 

  1. Бекіту
  2. Үй тапсырмасы:Қайталау.

Есеп: Үшбұрыштың бір қабырғасы 13 см, ал оған қарсы жатқан бұрыш 120º, ал оның қалған екі қабырғасының қосындысы 15 см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

 

Сабақ №__2__

Күні: _________

Сынып:_11

 

Тақырып: Түзулер  мен жазықтықтардың перпендикулярлығына есептер шығару.

Мақсаты:

а) Түзулер  мен жазықтықтардың перпендикулярлығына есептер шығару  дағдысын қалыптастыру.

б)Оқушыларға сызба салуда ұқыптылыққа, сауаттылыққа, яғни эстетикалық тәрбие беру;

в)Оқушылардың  абстрактылы ойлау қабілетін дамыту;

Типі: Қайталау сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:а)түрлі сызбалар

Оқыту әдісі: тірек-сызбамен жұмыс

Оқыту технологиясы: деңгейлік, сарамандық оқыту.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

А)оқушының  сабаққа қатысы

Б)психологиялық дайындығы, зейінін шоғырландыру

  1. Қайталау (сұрақтар)

1) Айқас түзулер арасындағы бұрыш деп нені түсінеміз?

2) Кеңістіктегі қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?

3) Қандай жағдайда түзу жазықтыққа перпендикуляр болады?

4) Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр дегеніміз не?

5) Перпендикулярдың табаны деген не?

6) Нүктеден жазықтыққа жүргізілген көлбеу дегеніміз не?

7)Көлбеудің проекциясы деп нені айтады?

8) Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық деген не?

9) Үш перпендикуляр туралы теореманы дәлелде?.

  1. Есептер шығару

№1 есеп.

ОА, ОВ, ОС сәулелері қос-қостан перпендикуляр. Егер:

а)  ׀ОА׀= ׀ОВ׀=׀ОС ׀=  5 см;

ә) ׀ОА׀= ׀ОВ׀=׀ОС ׀=  а;

б) ׀ОА׀= ׀ОВ׀=  3 см ׀ОС ׀=  4 дм болса, онда АВС үшбұрышының периметрі неге тең болатынын табыңдар.

 

№2 есеп.

Α жазықтығына перпендикуляр АА¹ және ВВ¹ түзулері жазықтықты А¹, В¹ нүктелерінде қияды, ал АВ түзуі С нүктесінде қиып өтеді. Егер ׀АА¹ ׀=12см,  ׀ ВВ¹׀=  4 см; ׀В¹С׀ =2см болса, онда    А¹В¹ қашықтығын  табыңдар. 

 

№3 есеп.

А нүктесінен α жазықтығына АА¹ перпендикуляр және АВ көлбеу жүргізілген. ВА¹ көлбеудің проекциясы. Егер:

  • ׀АВ ׀=5 см, ׀АА¹ ׀=  4 см болса, ׀ВА¹׀  -ді;
  • ׀А А¹ ׀=8 дм, ׀ВА¹ ׀=  6 дм болса, ׀АВ׀  -ні;
  • ׀АВ ׀=16 см, ׀ВА¹ ׀=  4 см болса, ׀АА¹ ׀ –ді табыңдар.

 

  1. Бекіту
  2. Үй тапсырмасы:Қайталау.

Есеп: АВ кесіндісін тең үш бөлікке бөлетін С және Д нүктелері жазықтықтан  3см жіне 6 см қашықтықта орналасқан. А және В нүктелері жазықтықтан қандай қашықтықта орналасқан?



Геометриядан 11 сыныпқа арналған сабақ жоспарларды ТЕГІН жүктеп алу: 

Файлды жүктеп алу:
11-geometrija-68-sagat.doc
(Жүктелген саны: 365)

Файлды онлайн қарап алу: 11-geometrija-68-sagat.doc  



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*