Математикадан сабақ жоспарлары - 6 сынып
Сабақ жоспарлау
Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
- 6-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
- «5-сыныптағы математика курсын қайталау (12 сағ)». Натурал сандардың бөлінгіштігі. Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Ондық бөлшектер мен жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану. Ондық бөлшектері және жай бөлшектері бар өрнектердің мәндерін табу. Теңдеу. Мәтінді есептерді шығару. Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Сандарды дөңгелектеу;
- «Қатынас және пропорция (24 сағ)». Қатынас. Екі санның пайыздық қатынасы. Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік. Мәтінді есептерді пропорция көмегімен шығару. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару. Диаграмманы салуда пропорцияны қолдану. Масштаб. Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера;
- «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану (50 сағ)». Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар. Санның модулі. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген қарапайым теңдеулер. Рационал сандарды салыстыру. Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Рационал сандарды қосудың қасиеттері. Рационал сандарды азайту. Координаталық түзу нүктелерінің арақашықтығы. Рационал сандарды көбейту. Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Рационал сандарды бөлу. Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану;
- «Өрнектер мен тепе-теңдіктер (15 сағ)». Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Жақшаны ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік;
- «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер (16 сағ)». Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Теңдеуді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Қосылғыштарды теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіруді және жақшаны ашу ережелерін қолдану арқылы теңдеулерді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер;
- «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері (20 сағ)». Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері. Сан аралықтары. Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Мәндес теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шығару. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шығару;
- «Координаталық жазықтық (13 сағ)». Жазықтық. Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер мен кесінділер. Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Центрлік симметрия. Осьтік симметрия;
- «Функция. Сызықтық функция (15 сағ)». Функция. Функцияның аргумент және мәні. Функцияның берілу тәсілдері: аналитикалық тәсіл (формула арқылы беру), кесте арқылы беру тәсілі, графиктік тәсіл. Функцияның анықталу облысы. Функцияның өсуі және кемуі. Сызықтық функция және оның графигі. Сызықтық функцияның қасиеттері. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.
- «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері (21 сағ)». Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен, алмастыру тәсілімен, графиктік тәсілмен шығару. Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі арқылы шешу;
- «6-сыныптағы математика курсын қайталау (18 сағ)». Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Санның модулі. Теңдеуді шешу. Тура және кері пропорционалдық тәуелділіктер. Координаталық жазықтық. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу мен теңсіздік. Функция. Сызықтық функция және оның графигі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі.
Математикадан 6 сыныпқа арналған сабақ жоспарларды ТЕГІН жүктеп алу:
6-synyp-204-sag.doc
(Жүктелген саны: 298)
Файлды онлайн қарап алу: 6-synyp-204-sag.doc
6klass-ktp.doc
(Жүктелген саны: 133)
Файлды онлайн қарап алу: 6klass-ktp.doc
Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру