Алгебрадан сабақ жоспарлары - 7 сынып
Сабақ № 1 Оң және теріс сандарға амалдар қолдану
Мерзімі
Тақырыбы:Оң және теріс сандарға амалдар қолдану
Мақсаты :
- 5 сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, жүйелеу оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін арттыру.
- логикалық сауаттылығын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
- Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
- Ұйымдастыру бөлімі. (2 мин.)
- Қайталау сұрақтарына жауап беру. (Сынып оқушылары сұрақтарға қол көтеріп жауап береді.)
- Бөлшек қандай элементтерден тұрады?
- Дұрыс бөлшек деген не? Бұрыс бөлшек деген не?
- Аралас сан деген не? Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырады?
- Ондық бөлшек деген не?.
- Бөлшекті қысқарту деген не?
- Бөлшектерге қандай амалдар қолданылады?
- Ондық бөлшектерді қалай бөлшекке айналдырамыз?
(Егер оқушылар қандай анықтама немесе ережені естеріне түсіре алмаса, мұғалім көмекші сұрақтар беру арқылы көмекке келеді)
- Ауызша есептер: Есеп тізбек бойынша беріледі. Әр амалды бір оқушы орындайды. Бұл тапсырма тақтаға орындалады.
Сабақ № 2. Координаталық жазықтық. Формулалар.
Күні: ___________
Координаталық түзу. Координаталық жазықтық. Формулалар.
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты координаталық жазықтық.. Координаталары бойынша нүктені салу.
Сабақтың мақсаты: Тік бұрышты координаталық жазықтық тақырыбы бойынша алған білімдерімізді кеңейтіп; берілген нүктелердің координаталарын анықтауды, координаталары бойынша нүктелерді салуды үйренеміз.
І. Үй тапсырмасын тексеру:№
А(-3;1), В(2;4), С(3;-3), D(-4;-5) К(-2;0), Е(0;3), F(1;4), L(3;0), N(0;-3). Т(1;2)
ІІ. «Білім шыңы» Білімді жан-жақты тексеру (сұрақ-жауап)
Сұраққа жауап берген әр оқушы жауап парағына + қойып отырады ,
2 сұраққа жауап берсе 2+
(Санақ басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі координаталық
түзу тік бұрышты координаталар жүйесін құрайды.)
(Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық
жазықтық деп аталады.)
( х-абсцисса және у-ордината )
(Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы
деп атайды. О әрпімен белгіленеді. Бұл латынша оrigo- ’’басталу’’ сөзінң бірінші
әрпінен алынған)
(Латын тілінен- қазақша «реттелген» деген сөзінен алынған)
(Координаталар осьтері жазықтықты 4 бөлікке бөледі.Оларды ширектер деп атайды)
(Декарттық координаталар жүйесі деп атайды.Француз философы және математигі Рене Декарттың құрметіне)
ІІІ. «Тарихи мағлұматтар»
Тарихке көз жүгіртейік. Осы тақырып бойынша оқушылар қысқаша мәлімет
дайындап келді.
Сонымен жазықтықтағы нүктенің орнын координаталаы арқылы анықтауға болады.
Мысалы Нұржанның орны қандай? Эльмираның? Еркебұланның? (1;4), (2;2) кімнің орны?Кинотеатрларда (7;24) нені білдіреді?
деген сөздер аталды, олар қай жерде қолданылады? География сабағында? Глобуста бас қаламыз Астана және өз облысымыздың орталығы Өскемен қалаларын көрсетейік, ендік және бойлықтарын анықтайық.
(Астана - 51° солтүстік ендікте; 72° шығыс бойлықта;
Өскемен - 50° солтүстік ендікте; 85° шығыс бойлықта ).
Келесі кезең тест орындау.(Әр оқушының алдында тест тапсырмалары,тақтада слайд
және дұрыс жауабы. Жұппен жұмыс: әр оқушы өз көршісінің жұмысын тексереді, баға қояды)
6+ болса - «5» 3+ болса - «3»
4-5 + болса - «4» 1-2+ болса - «2»
- IV. Тест тапсырмалары.
а) екі параллель түзулер
б) абсциссалар осі және ординаталар осі
в) абсциссалар осі және оған параллель түзу
а) сандар жұбымен
б) бір санмен
в) координаталар басы О нүктесімен
Алгебрадан 7 сыныпқа арналған сабақ жоспарларды ТЕГІН жүктеп алу:
Файлды онлайн қарап алу: 7-synyp-102-sabak-zhosparlary-2014-2015-ozh.doc
Файлды онлайн қарап алу: algebra-7-kl-ktp102-sag.doc