Алгебрадан сабақ жоспарлары - 10 сынып
Сабақ №1. 7 - 9 сыныптардағы алгебра курсын қайталау
Пәні: Алгебра және анализ бастамалары
Сабақтың тақырыбы: 7 - 9 сыныпта өтілген материалды қайталау
Сабақтың міндеттері:
- Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тұжырымдай отырып, берілген тапсырмаларда формулаларды тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
- Дамытушылық: Оқушыларды терең ойлауға және алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында қолдана білу арқылы ой-өрісін дамыту
- Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен шешім қабылдай отырып, жұмыс істеуге және тапсырманы ұқыпты орындауға, жазуға баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау есептері
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
- Есеп шығару
№2-сабақ. Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйесі
Пән: алгебра
Сынып: 10
Күні: __________
Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйесі.
Сабақтың мақсаттары:
- Білімділік: Теңдеулер және теңсіздіктер жүйелерін шешу тәсілдері.
- Дамытушылық: 9 сыныпта өтілген тақырыптарды есеп шығару арқылы бекіту.
- Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
ІІ Өткен тақырыпты қайталау: - Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
- Бір айнымалысы бар бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. Интервалдар әдісі.
- Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі
ІІІ Есептер шығару:
Алгебрадан 10 сыныпқа арналған сабақ жоспарларды ТЕГІН жүктеп алу:
Файлды онлайн қарап алу: 10-klass-algebra-zh-ab-102-sagat.doc
Файлды онлайн қарап алу: algebra-zhne-analiz-bastamalary10-ktp.doc