Алгебрадан орта мерзімді жоспарлар - 11 сынып (ОМЖ)
№ |
Тақырыбы
|
Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары |
1 |
Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру |
Тригонометриялық формулаларды тиімді қолданып өрнектерді түрлендіре білуге жаттықтыру. Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру. Оқушылар ұйымшыл болуға, топпен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, тиянақтылыққа үйрету.
|
2 |
Тригонометриялық теңдеулер |
Тригонометриялық теңдеулерді әртүрлі әдістермен шешу жолдарын қайталау. Тригонометриялық теңдеулерді алгебралық теңдеулерге келтіру, тригонометриялық формулаларды түрлендіру арқылы шешу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, зейінділікке, өзіндік дүниетанымын қалыптастыруға тәрбиелеу.
|
3 |
Тригонометриялық теңсіздіктер |
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу жайлы алған білімдерін қайталау, пысықтау. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, байқампаздағын арттыру, танымдық деңгейлерін дамыту. Оқушылардың топпен, ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, мақсатына жете білуге тәрбиелеу.
|
4 |
Туынды |
Туынды тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын арттыру. Шапшаң ойлап, тез шешім қабылдауға, өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
|
5 |
Туындыны қолану |
Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері,экстремумдары,өсу, кему аралықтарын табу тақырыбы бойынша алған білімдерін жетілдіру, қайталау. Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға дағдыландыру, өз жетістігін бағалай білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды көппен бірге болуға үйрету, өзара көмек беруге, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
6 |
Бақылау жұмысы «10 - сынып курсы бойынша білімдерін тексеру» |
10 - сынып алгебра және анализ бастамалары курсы бойынша білімдерін тексеру |
Алгебрадан 11 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарларды (ОМЖ) ТЕГІН жүктеп алу:
Файлды онлайн қарап алу: 11-syn-algebra-omzh.docx
Файлды онлайн қарап алу: 11-synyp-algebra-omzh.doc
Файлды онлайн қарап алу: 11-synyp-algebra-omzh.doc