Геометриядан орта мерзімді жоспарлар - 11 сынып (ОМЖ)
№ |
Тақырыбы
|
Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары |
1 |
Жазықтықтар мен түзулердің өзара орналасуы |
Жазықтықтар мен түзулердің параллельдігі мен перпендикулярлығы жайлы білімдерін қайталау. Танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға және оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын дамыту. Өз білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.
|
2 |
Жазықтықтардың орналасуы |
Жазықтықтардың орналасуы жайлы білімдерін пысықтау, қайталау. Ауызша есептеу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Өз білімдерін бағалай білуге , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|
№ |
Тақырыбы
|
Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары |
3 |
Үшжақты және көпжақты бұрыштар. Көпжақ туралы түсінік |
Үшжақты бұрыш, көпжақты бұрыш ұғымын енгізу. Көпжақтың элементтерімен, сондай-ақ дөңес көпжақты бұрыш анықтамаларымен және көпжақты бұрыштың жазық бұрыштарының қасиеттерімен таныстыру.Оқушылардың кеңістікте елестету және кеңістіктік ойлау, сондай-ақ логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. |
4 |
Үшжақты және көпжақты бұрыштар. Көпжақ туралы түсінік |
Көпжақ пен көпжақты бұрышқа берілетін анықтамалар құрылымының табиғатын жаңа тәсілдің көмегімен ашу. Математикалық есептерді типтік түрге келтіру, белгілі бір типтегі есептердің шешімін іздеудің оперативті құрамын ашу, оқылатын тақырыптағы теорияның практикада қолданылуын көрсету. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. |
5 |
Призма. Параллелепипед |
Планиметрия мен стереометрия курстарының арасындағы пәнаралық терең байланыс негізінде призманың анықтамасын, «тік призма» , «дұрыс призма», «көлбеу призма» және параллелепипедтің анықтамасын беру. Логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|
6 |
Призма. Параллелепипед |
Оқушылардың материалды саналы түрде меңгеруі үшін планиметрия, стереометрия курсынан алған білімдерін жүйелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын, ауызша ойлау дағдыларын дамыту. Адамгершілік қасиеттерге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|
7 |
Призма. Параллелепипед |
Өтілген материалдарды есептеулер мен дәлелдеулерге қолдану дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру. Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру. Ұйымшыл болуға, топпен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
|
8 |
Призма. Параллелепипед |
Қарастырылып отырған тақырыптың негізгі фигуралары арасындағы логикалық байланыс негізінде анықтамалар жүйесін құру. Ауызша есептеу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
|
9 |
Призма бетінің ауданы |
«Призманың бүйір және толық бетінің ауданы» ұғымдарын енгізу және параллелепипедтің анықтамасын беру. Ауызша есептеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
Геометриядан 11 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарларды (ОМЖ) ТЕГІН жүктеп алу:
Файлды онлайн қарап алу: 11-syn-geometrija-omzh.docx