Matematik.kz
Мәзір
Matematik.kz
  • Басты бет
  • Жоспарлар
    • Қысқы мерзімді жоспарлар
    • Орта мерзімді жоспарлар
  • Ашық сабақтар
  • Флипчарт
  • Есептер
  • Видео
  • Ертегілер
  • Тесттер
    • ҰБТ-ге дайындық
    • ОЖСБ дайындық
    • Басқа тесттер
  • Басқалар
    • Математика тарихы
    • Бағдарламалар
    • Әдістемелік қоржын
    • Бақылау жұмыстары
    • Презентациялар
    • Викторина
  • Сертификат алу
Қысқы мерзімді жоспарлар

Математикадан қысқы мерзімді жоспарлар - 5 сынып (ҚМЖ)

admin 16-сәу, 2019, 03:33 0 4 911 Басып шығару
+31
0
1

№ 1 сабақ

Тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы»

Мақсат:


Жаңа білім: 5 сынып математика курсында 4 сыныптағы білімдерін нығайту мақсатында   «Қайталау» тақырыптары бойынша және «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Пайыз», «Қайталауға арналған жаттығулар» тараулары бойынша жалпы мағұлматтар алады.

Жаңа түсінік: • Оқулық мазмұнымен таныса отырып кітаппен қалай жұмыс істеу керектігі туралы шартты белгілерді айырып таниды.

Қолданым әрекеті:  • Әр тараудың ерекшеліктерін байқайды және байланыстарын анықтайды.

Тақырып жоспары:

  1. 5 сынып математика курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері.
  2. Оқулықпен қалай жұмыс істеу керек, яғни шартты белгілері
  3. 5 сынып математика оқулығының тараулары және оның ерекшеліктері

5 сынып математика курсын оқытудың мақсаты.


Бастауыш сыныпта алған білімдері негізінде  жаңа ұғымдарды еңгізе отырып, бұл ұғымдарды есептер шығаруда (практикада) қолдану іскерліктері мен дағыларын  қалыптастырады және кеңейтеді. Сонымен қатар қойылған мәселені шешу үшін қажетті ережелер мен қасиеттердің, алгоритмдердің тұжырымдамаларын түсіне отырып есептің шығарылу шарттарын құруға дағдылана отырып, өзін-өзі  дамыту.


5  сынып математика курсынын оқытудың  міндеттері:

  • математиканың әрбір тақырыбының маңызын түсінеді және оқып үйренеді;
  • жаңа ережелер мен анықтамаларды, қасиеттерді қолданады;
  • тақырыптардың бір-бірімен байланысын, ерекшеліктерін зерделейді;

есеп шығару дағдыларын қалыптастырады және мәселе есептердің шарттарын құруға дағдыланады.



№ 2 сабақ

Тақырыбы:   •   Натурал сандардың жазылуы

Мақсат:

Жаңа білім:  • Көптаңбалы натурал сандарды оқу және жазуды естеріне түсіре отырып, натурал сандар қатарымен танысады және жұп, тақ сандарды ажыратып таниды.

Жаңа түсінік:• Кез келген  натурал сандардың алдындағы немесе артынан келетін санды атайды, сөзбен берілген сандарды цифрлармен жазады және жұп және тақ цифрлармен аяқталған сандарды ажыратады. 

Қолданым әрекеті:• Берілген цифрларды қолданып, тапсырмаға сәйкес сандарды құрастырып жазады және натурал сандарды  разрядтық қосылғыштардың қосындысы түріне келтіреді және керісінше натурал санды жазады.

Тақырып жоспары:

  1. Натурал сан, натурал сандар қатары, жазылуы.
  2. Натурал сандардың разрядтары
  • Анықтама: Қандай да бір нәрсені санау үшін пайдаланатын сандар _____________ деп аталады.

Мысалы:__________________________________________________________

  • Анықтама: Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5, ... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды.

Төмендегі сөйлемді толықтырыңдар:

Натурал  қатардың ең кіші саны _______

және ең үлкен саны __________________________________________________________________

Ескерту:  Нөл натурал сан емес.

Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады.

  • Анықтама: Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады. Цифрлар______________________________________________

 Жұп цифрлар____________________________________________________                                                          Тақ цифрлар _____________________________________________________

Толықтырыңдар:

Жұп цифрлармен аяқталған сандар ______________  деп аталады.

Тақ цифрлармен аяқталған сандар _______________  деп аталады.

Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтарды оқығанда оңнан солға қарай оқимыз.

Мысалы: 32507 санының разрядтары бойынша оқы: бірліктер разрядында _____ цифры,

ондықтар разрядында _____ цифры, жүздіктер разрядында _____ цифры, мыңдықтар разрядында _____ цифры, он мыңдықтар разрядында 3 цифры жазылған.

Санның жазылуындағы разрядтар үш-үштен біріктіріліп кластарға бөлінген.

Алғашқы үш разряд бірліктер класы деп аталады. Оған:________________________________________ кіреді.

Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класы деп аталады.

Оған: _______________________________________ кіреді.

Келесі үш орынды миллиондар класы, ары қарай миллиардтар класы т.с.с кете береді.

3.2. Келесі сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар:

4586 =________________________            5540 = ________________________

 

1) 23; 429; 81 923; 139 989; 299 999 натурал санынан кейінгі;  2)  29; 729; 1 00; 872 100 натурал санының алдында келетін 5 натурал, 3 жұп, 23 тақ   натурал санды атаңдар. Деңгейлік тапсырмалар:                       І деңгей тапсырмалары

  1. Сандарды цифрмен жазыңдар:

         1) елу екі мың алты жүз екі;                          2) тоғыз жүз жеті мың төрт жүз жиырма бес;

         3) екі миллион он мың тоғыз;                        4) жеті миллион бір мың төрт.

  1. Кітаптан төменде көрсетілген номердегі есепті шығарыңдыр:

№ 4.  Мәтінде кездесетін сандарды цифрмен жазыңдар:

  1. 11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 312; 474; 558; 327; 441; 777 сандарының арасынан                   а) жұп сандарды                                         ә) тақ сандарды теріп жазыңдар.

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. 1) 4, 5; 2) 1, 2, 3 цифрларын қолданып, барлық екі таңбалы санды жазыңдар. Олардың арасында              а) жұп сан;  ә) қанша тақ сан бар?
  2. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар:

1) 91=______________________                    2) 384 =_____________________

 

 

3) 4295=____________________                   4) 59231=___________________

5) 50 =______________________                  6) 290075=___________________

  1. a) 5 және 21; ә) 229 және 343;   б) 1001 және 1441 сандарының арасында қанша натурал сан орналасқан?

а)5 және 21______________1,2,3,4,5,6…21________21-4 = 17 сан___________

 

ә) 229 және 343______________                                б) 1001 және 1441____________


Математикадан қысқы мерзімді жоспарларды (ҚМЖ) ТЕГІН жүктеп алу: 

5-syn-matem-mzh-121-sab.docx [8,39 Mb] (жүктелгендері: 837) 5-synyp-matematika-mzh.docx [692,72 Kb] (жүктелгендері: 477)  

1
  • Ілмек сөздер
  • ҚМЖ Қысқы мерзімді жоспар 5 сынып Сабақ жоспарлар

Ұқсас жаңалықтар

Математика сабағында виртуальды лабораториялық жұмыстардың..

31-жел, 2016, 14:01 0

Математикалық талдау, Лекциялар...

20-мау, 2016, 20:06 1

"Matematik.kz" журналы: Бірінші шығарылым..

24-мамыр, 2016, 21:23 4

5 сыныпқа арналған бақылау жұмыстары..

15-қаз, 2012, 18:02 40

"Сенім" зерттеу тобының қорытынды фотоматериалдары..

08-сәу, 2016, 01:41 1

2013 жылғы білім грант иегерлерінің тізімі..

22-там, 2013, 12:54 0

Пікір қосу

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent

Жаңарту, егер код көріңбесе

1

Танымал жаңалықтар

  1. 8- сыныпқа арналған геометриядан 4-тоқсандық бағалау..

    Математикадан бақылау жұмыстары 76
  2. Кездейсоқ оқиға және ықтималдық..

    Қызықты сұрақтар 9
  3. 6 сынып тест тапсырмалары..

    Тест тапсырмалары 54
  4. 9- сынып математика..

    Математикалық сауаттылық 37
  5. Логикалық есептер.1-4 сынып...

    Ашық сабақтар 15

Жаңа пікірлер

  • Нурислам жазды Екі қатынастан құралған есеп.Ең бастысы пропорцияда екі қатынастың екі шеткісімен екі ортанғы
  • Жанар жазды жақсы жазылған
  • Саягүл жазды Жеті картаға 1 2 3 4 5 6 7 сандары жазылған.Карталар әбден араластырылғаннан кейін кез келген

Сауалнама

Сізге қандай әдістемелік көмек қажет деп ойлайсыз?

Кездейсоқ жаңалықтар

  • Математика сабағында виртуальды лабораториялық жұмыстардың..

    31-жел, 2016, 14:01 0
  • "Сенім" зерттеу тобының қорытынды фотоматериалдары..

    08-сәу, 2016, 01:41 1
  • Алгебрадан тест (7 сынып)..

    28-қыр, 2012, 15:04 41

Ілмек сөздер

2012 5 класс 5 сынып 6 сынып Кенгуру ОМЖ Орта мерзімді жоспар алгебра геометрия дипломдық жұмыс дипломка жүктеу математика математика сайыс сабақ жоспарлар сабақ жоспарлау сабақ жоспары тегін ҚМЖ Қысқы мерзімді жоспар
Барлық тегті көрсету
1

Matematik.kz
Яндекс.Метрика
Copyright © 2011-2019. Matematik.kz - қазақша математиктер сайты.
  • Басты бет
  • Сайттың мақсаты
  • Жаңалық қосу
  • Бізге жазу
Сайтқа кіру

Құпия сөзді қайта алу

Сайтта тіркелу