Matematik.kz
Мәзір
Matematik.kz
  • Басты бет
  • Жоспарлар
    • Қысқы мерзімді жоспарлар
    • Орта мерзімді жоспарлар
  • Ашық сабақтар
  • Флипчарт
  • Есептер
  • Видео
  • Ертегілер
  • Тесттер
    • ҰБТ-ге дайындық
    • ОЖСБ дайындық
    • Басқа тесттер
  • Басқалар
    • Математика тарихы
    • Бағдарламалар
    • Әдістемелік қоржын
    • Бақылау жұмыстары
    • Презентациялар
    • Викторина
  • Сертификат алу
Қысқы мерзімді жоспарлар

Математикадан қысқы мерзімді жоспарлар - 6 сынып (ҚМЖ)

admin 16-сәу, 2019, 03:57 0 2 676 Басып шығару
+10
0
1

№1 сабақ


Тақырыбы: Кіріспе

 

Кітап – алтын қазына.

Мақсат:

Білімдік

Жаңа білім

• 5-сыныпта өтілген тақырыптарға сипаттама бере отырып, 6-сынып математика курсының тарауларында нелер анықталатынын анықтайды.

Жаңа түсінік

• 6 сынып математикасы әрбір тараудың құрамына кіретін тақырыптардың жалпы мазмұнын 5 сынып өтілген материалдардың негізі екендігін түсінеді.

Құзыр-лылық

Қолданым әрекеті

• 5 cынып өтілген тарауларына есептер шығарады.

Талдау әрекеті

• 5-сыныптағы тақырыптарға есептер шығарудың               6 сыныппен байланысын анықтайды.

 

Шығармашылық әрекет

• 6 сынып математика пәні есептердің шығарылу жолы мен мазмұны біртіндеп күрделенетініне қозғау салады.

Құнды-лық

Бағамдау әрекеті

• 5 сыныптағы математика пәнінен өтілген тараулар 6-сынып курсы бойынша өтілетін тарауларды игерудің математика курсы бойынша жүйелі білім алудағы маңыздылығын бағалайды.



Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу ( 8 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).

 

Оқыту әдісі:

• Репродуктивті, ішінара ізденушілік

 

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

 

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

• Пропорция, қатынас, рационал сан, оң және теріс сан, санның модулі, координаталық түзу, периодты ондық бөлшек, сызықтық теңсіздік, параллель, перпендикуляр, графиктер, функция.

 

Оқушыда дағды қалыптастыру:

• Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.

 

Оқушы іс әрекетін ұйымдастыру:

 Күтілетін нәтижеге (мaқсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын Ақпарат алмасу блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; Алғашқы бекіту блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; Шығармашылық әрекет блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу.

 

Ақпарат көздері:

1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық,   2-басылым / А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З. А. Жұмағұлова Алматы

2. А.Е. Әбілқасымова Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алматы, Мектеп, 2011ж.

3.А.Е. Әбілқасымова Математика 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал / Алматы, Мектеп, 2011.

4. Т.А. Алдамұратова, В.И. Тупаева. Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.Алматы: Атамұра, 2011.

5. Алдамұратова Т.А Математика. 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал.  Алматы,Атамұра, 2011.

 

Оқушы жетістігін бағалау:

• Оқушының оқу іс әрекеті ол Алғашқы бекіту блогындағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға Шығармашылық әрекет блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.

 



 

і. аҚПАРАТ алмасу

 

 

Тақырып жоспары:

  1. 6-cынып математика курсын оқытудың мақсаты.
  2. 6-cынып математика курсын оқытудың міндеттері.
  3. 5-сынып материалдарын қайталау.

 

Слайдтар:

 

1-слайд

1-тақырыпша. 6-сынып математика курсын оқытудың мақсаты           

 

2-слайд      

Математика пәнін оқытудың мақсаты қандай?

• ғылыми ұғымдарды терең игеру;

• игерілген ұғымдарды практикада қолдану білік, дағдыларын дамыту;

• қолданбалы есептерді математикалық модельдеуді үйрену;

• қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға дағдылану;

• өзін-өзі дамыту.

 

3-слайд

2-тақырыпша. 6-сынып математика курсын оқытудың міндеттері

 

4-слайд

Математика пәнін оқытудың міндеттерін ұғып алайық!

• математиканың маңызды салаларын оқып үйрену;

• сабақтастық ерекшеліктерін зерделеу;

• есеп шығару алгоритмін құруға дағдылану.

 

5-слайд

1 тақырыпша              5-сынып материалдарын қайталау.

 

Математикадан 6 сыныпқа арналған қысқы мерзімді жоспарларды (ҚМЖ) ТЕГІН жүктеп алу: 

6-syn-matema-mzh-i-ii-iii-tosan.docx [24,56 Mb] (жүктелгендері: 690) 6-syn_-matema-mzh-iv-tosan.docx [2,23 Mb] (жүктелгендері: 396)  

1
  • Ілмек сөздер

Ұқсас жаңалықтар

Ресейдегі "Ашық сынып" желілік қоғамдастығы..

22-қаз, 2014, 21:40 0

Сайттың мақсаты..

24-мамыр, 2016, 21:23 3

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар (11 класс)..

01-қыр, 2012, 15:22 1

Математикалық білім беру сапасы: проблемалар мен..

14-мау, 2012, 21:45 2

2013 жылғы білім грант иегерлерінің тізімі..

22-там, 2013, 12:54 0

Арифметикалық және геометриялық прогрессия..

19-мау, 2016, 23:48 1

Пікір қосу

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent

Жаңарту, егер код көріңбесе

1

Танымал жаңалықтар

  1. 8- сыныпқа арналған геометриядан 4-тоқсандық бағалау..

    Математикадан бақылау жұмыстары 76
  2. Кездейсоқ оқиға және ықтималдық..

    Қызықты сұрақтар 9
  3. 6 сынып тест тапсырмалары..

    Тест тапсырмалары 54
  4. 9- сынып математика..

    Математикалық сауаттылық 37
  5. Логикалық есептер.1-4 сынып...

    Ашық сабақтар 15

Жаңа пікірлер

  • Нурислам жазды Екі қатынастан құралған есеп.Ең бастысы пропорцияда екі қатынастың екі шеткісімен екі ортанғы
  • Жанар жазды жақсы жазылған
  • Саягүл жазды Жеті картаға 1 2 3 4 5 6 7 сандары жазылған.Карталар әбден араластырылғаннан кейін кез келген

Сауалнама

Біздің сайтты қайдан таптыныз?

Кездейсоқ жаңалықтар

  • 5 сыныпқа арналған бақылау жұмыстары..

    15-қаз, 2012, 18:02 40
  • Математикалық білім беру сапасы: проблемалар мен..

    14-мау, 2012, 21:45 2
  • "Matematik.kz" журналы: Бірінші шығарылым..

    24-мамыр, 2016, 21:23 4

Ілмек сөздер

2012 5 класс 5 сынып 6 сынып Кенгуру ОМЖ Орта мерзімді жоспар алгебра геометрия дипломдық жұмыс дипломка жүктеу математика математика сайыс сабақ жоспарлар сабақ жоспарлау сабақ жоспары тегін ҚМЖ Қысқы мерзімді жоспар
Барлық тегті көрсету
1

Matematik.kz
Яндекс.Метрика
Copyright © 2011-2019. Matematik.kz - қазақша математиктер сайты.
  • Басты бет
  • Сайттың мақсаты
  • Жаңалық қосу
  • Бізге жазу
Сайтқа кіру

Құпия сөзді қайта алу

Сайтта тіркелу