Қазақша
математиктер сайты

Геометриядан қысқы мерзімді жоспарлар - 9 сынып (ҚМЖ)

Геометриядан қысқы мерзімді жоспарлар - 9 сынып (ҚМЖ)
Қысқа мерзімді жоспарлар
04:19, 16 сәуір 2019
5 015
0

Сабақ тақырыбы:

Векторлардың скалярлық көбейтіндісіне есептер шығару

 

Сабақ мақсаты: 

Векторларға амалдар қолдана отырып, скаляр көбейтудің қасиеттерін қолданып есептер шығара білуге дағдылыну және векторлардың сызбаларын бейнелей алу

Табыс критерийлері:

-          Векторларды скаляр көбейтудің қасиеттерін біледі;

-          Векторларды скаляр  көбейтуде олардың орналасуындағы бұрыштардың мәнін біледі;

-          Векторларды скаляр көбейтуге берілген есептерді шығара алады;

Сабақ түрі:

Дағды мен білікті машықтындыру сабағы


Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Керекті жабдықтар

5 мин

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

Өткен тақырып бойынша түйген ойлары мен түсінбеген сұрақтарына байланысты   пікірлерін айтады, ортаға салып, түсініктерін тереңдетеді.

 

3 мин

Топқа бөлу

Таратылған кеспе қағаздар арқылы топтарға бөлінеді

Кеспе қағаздар

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтар қою.

-           Екі вектордың скалярлық көбейтіндісі деп нені айтады?

-            Екі вектор перпендикуляр болуы үшін қандай шарттың орындалуы жеткілікті?

-           Скалярлық көбейтіндінің қасиеттерін тұжырымдаңдар.

Қойылған  сұрақтарға жауап береді. Ашық сұрақтарға барлық оқушы қатыстырылады және ортақ дұрыс шешім қабылдауға үйренеді.

Дидак-тикалық материал-дар

22 мин

 

 

 

 

 

 

«Фигура құрастыру» әдісі

Әрбір қима қағаз дұрыс жауапқа алынып, жинау арқылы геометриялық фигураларды құрастыру арқылы бәсекелесе отырып,  есептер шығарады,

Қима қағаз, геометрия-лық фигуралар, оқулық

 5 мин

 

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Стикер,

Бағалау парағы

Не сәтті өтті?

 

Не сәтсіз болды? 

 

Нені дамыта алар едім?

 


Сабақ тақырыбы:

Тікбұрышты координаталар жүйесінде түзудің әртүрлі берілу тәсілдері

Сабақ мақсаты: 

Тікбұрышты координаталар жүйесінде түзудің орналасулары мен берілу тәсілдерін білу және олардың сызбаларын сала алу, түзу теңдеуін ажырата алу, түзуге қатысты қасиеттерді білу және формулалары арқылы есептер шығара алу

Табыс критерийлері:

-          Түзудің бастапқы нүктесін біледі;

-          Түзудің бастапқы нүктесі мен бағыттаушы вектор арқылы жазылатын түзу теңдеуін біледі;  

-          Екі түзудің арасындағы бұрыш қандай формула арқылы анықталатынын біледі;   

Сабақ түрі:

Жаңа сабақты меңгерту


Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Керекті жабдықтар

5 мин

 

 

 

 

Кері байланыс

Өткен тақырып бойынша түйген ойлары мен түсінбеген сұрақтарына байланысты   пікірлерін айтады, ортаға салып, түсініктерін тереңдетеді.

 

2 мин

Топқа бөлу

Таратылған кеспе қағаздар арқылы топтарға бөлінеді

Кеспе қағаздар

5 мин

Жаңа сабаққа шолу

Түзу теңдеулері. Түзудің бағыттаушы және нормаль векторлары

Түзу теңдеулері және түзудің бағыттаушы және нормаль векторларын жазып алады.

Оқулық, формулалар

23 мин

 

 

 

 

«Ментальды карта» әдісі.

Координаталық түзу бойындағы нүктелер арқылы  теңдеулерді табу

 

Координаталық түзуден түзу теңдеулерін әртүрлі тәсілмен анықтауды жасап, бірін-біріне түсіндіреді және ортақ ой-тұжырым жасайды.

Пазлдар, геометрия-лық фигура-лар

7 мин

 

Логикалық сұрақ.

 Дүкенде көлемі екі түрлі алма бар. Кіші алманың біреуі – 120 г, үлкені – 200 г. Осы дүкеннен 1 кг алма алған адам ең көп дегенде қанша дана алма ала алады?

Ж: 120 г – 5, 200 г – 2 – 7 алма

Логикалық сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады.

Логикалыө сұрақ

 

3 мин

 

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Стикер,

Бағалау парағы

Не сәтті өтті?

 

Не сәтсіз болды? 

 

Нені дамыта алар едім?

 


Геометриядан 9 сыныпқа арналған қысқы мерзімді жоспарларды (ҚМЖ) ТЕГІН жүктеп алу: 

Файлды жүктеп алу:
9-syn-geometrija-mzh-56-sab.docx
(Жүктелген саны: 1226)

Файлды онлайн қарап алу: 9-syn-geometrija-mzh-56-sab.docx  



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*