Қазақша
математиктер сайты

k≠0 функциялары, олардың графиктері және қасиеттері

k≠0 функциялары, олардың графиктері және қасиеттері
Қысқа мерзімді жоспарлар
21:38, 09 қазан 2019
1 049
0

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Функция. Функцияның графигі


Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы (k≠0) функциялары, олардың графиктері және қасиеттері


Сабақ түрі Өткен материалды бекіту


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.5.1.10y=ax^2(a≠0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;


7.5.1.11 (a ≠ 0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;
7.5.1.12 (k ≠ 0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу.
Сабақ мақсаттары Сабақ соңында оқушылар:
у = ах2, у = ах3, (k0) функцияларын, олардың қасиеттері мен графиктерін біледі;
үйренген функциялардың графиктерін кескіндейді.
Бағалау критерийлері Оқушы сабақ мақсатына жетеді, егер:

Білу және түсіну у = ах2, у = ах3, (k0) функцияларын, олардың қасиеттері мен графиктерін біледі
Қолдану у = ах2,
у = ах3, (k0) функцияларының графиктерін салады
Жоғарғы деңгей дағдылары у = ах2, у = ах3, (k0) функция қасиеттерін графиктерін салу арқылы зерттейді.

Тілдік мақсаттар Оқушылар орындайды:
парабола тармақтарының бағыты мен акоэффициентінің таңбасы арасындағы тәуелділікті түсіндіреді;
математикалық терминология және символиканы есеп шығаруда қолданады;
меңгерілген графиктердің графиктерін салу алгоритмін сипаттайды.


- k кері пропорционалдық коэффициентінің таңбасы мен графиктің координаталық ширектерде орналасу ерекшелігінің арасындағы тәуелділікті түсіндіреді.
Пәндік лексика және терминология:
парабола, кубтық парабола;
парабола төбесі, парабола тармақтары;
гипербола.


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
– парабола тармақтары (жоғары, төмен) бағытталған, өйткені ... ;
– функцияның графигі ... симметриялы;
график абсцисса осін ... нүктесінде қияды;
график ордината осін ... нүктесінде қияды;


Құндылықтарды дарыту өзі мен өзгелерді сыйлау, түрлі пікірлерді сыйлау; білім ала білу, өз бетінше ақпарат жинақтау, жағдаяттарды талдау, командада жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауапкершілік сезіну; сыныптастарының қажеттіліктерін, көзқарастарын көру және түсіну, сынды қабылдай білу; топта және жұпта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.


Құндылықтарды дарыту сабақтағы әрекет кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстар Геометриялық интерпретациялар, информатика
АКТ қолдану дағдылары Білім алуға АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдануға қажетті қолданушылық дағдылар, онлайн үй тапсырмасы


Бастапқы білім
Функция және функция графигі. Сызықтық функция және оның графигі. Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу.


Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтың басы
3 мин


Сабақ басында мұғалім келесі әрекеттерге назар аударады:
- оқушылардың назарын шоғырландыру;
- оқушылармен бірлесіп сабақ мақсаттарын анықтау;
- оқушыларды жұптарға бөле отырып олардың «жақын даму аймағын» анықтау
- сабақ соңындағы нәтижелерді бағамдау.


Сабақтың ортасы 40 мин

Сабақта түрлі әрекеттер орындай отырып оқушылар бағалау парағын толтырады. Сабақ соңында қорытындылар жасалып, мұғалімнің жеке журналына жазбалар жасалады. Осылайша оқушылардың әр кезеңдегі және кезең аралықтағы нәтижелері сараланады.


Үй тапсырмасын тексеру – 5 мин
Оқушылар үй тапсырмасын шығару үлгісі және мұғалім ұсынған критерийлер бойынша өз жұмыстарын тексереді және сабақтың бірінші кезеңі бойынша өздеріне пайыздар қояды.
Жақсы нәтижеге жетуге ұмтылыс арқылы оқушының бойына келесі құндылықтар дарытылады: мақсатқа жетудегі табандылық, еңбексүйгіштік, академиялық адалдық.


Қайталау – 15 мин (презентациямен жұмыс)
Дарытылатын құндылықтар:сұрақтарға тез жауап беруге дағдылану, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу.
Орындалған жұмыстан кейін оқушылар өздерін дұрыс жауаптар саны бойынша бағалап, өздерінің бағалау парағына пайыздар қояды.


Деңгейлер бойынша жеке жұмыс –15мин:Дарытылатын құндылықтар:жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, шешім қабылдау, өз жұмысының сапасына жауапкершілік сезіну.
Оқушылар берілген деңгейлер (А,В және С) бойынша жұмысты тапсырмалар бойынша ( , , )өздері таңдайды


Қорытындылар жасау – 3 мин

Оқушылардың жағдайды талдау, жалпылау, жасалған жұмыс бойынша қорытындылар жасау дағдылары дамиды.
Барлық сабақ барысындағы жұмысты ескере отырып, оқушылардың жауаптарына кері байланыс беріліп, бағаланады (әр оқушының қызметіне орташа пайыздық мөлшері белгіленеді).


IV. Үй тапсырмасы – 2 мин.


Жақсы нәтижеге жетуге ұмтылыс арқылы оқушының бойына келесі құндылықтар дарытылады: мақсатқа жетудегі табандылық, еңбексүйгіштік, академиялық адалдық.


Мүғалім сайтында оқушыларға деңгейлер бойынша үй тапсырмаларын құрастырады және оларға күнін, орындалу уақытын көрсетіп таратады. Берілген жұмыс пайызбен бағаланып мұғалімнің жеке журналына белгіленеді. Келесі сабақ басында оқушының осы жұмысын ескеріп, сабақты бағалау парағын толтырудан бастауға да болады. Осылайша, сабақта оқушылардың үй тапсырмасын орындау нәтижелері барлық сынып шеңберінде және жеке талданады).


Сабақ соңы


2 мин
Мен таныстым ...
Оңай болмады ...
Мен жетістікке жеттім ...
Қолымнан келгені ...
Жасар едім ...
Есімде сақталғаны ...
Мен тырысам ...
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Деңгейлер бойынша саралау жеке жұмыс барысында жүзеге асырылады. Әр сабақ кезеңінен кейін бағалау орындалады (өзіндік, жұпта бағалау немесе мұғалім бағасы). Сабақ соңында оқушылар орташа пайызды есептеп, оны мұғалімге айтады. Әртүрлі әрекет формалары
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*