Қазақша
математиктер сайты

Квадраттық функция - 8 сынып

Квадраттық функция - 8 сынып
Қысқа мерзімді жоспарлар
22:24, 31 мамыр 2020
2 263
0

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: № 72 ЖББ ІТ ОМЛ


Күні: 11-13.02.2020 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Нажмадинова Назерке Ерланқызы

Сынып: 8


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция

Сабақтың түрі

Білімді қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және керісінше


Сабақтың мақсаты

Оқушылар берілген аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады және берілген функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады.


Бағалау критерийлері

 

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Графикпен немесе формуламен берілген функциялар үшін бір айнымалысы арқылы екінші айнымалысын табуды біледі

Қолдану

Функция мәнін есептейді

Аргументтің мәнін табу үшін квадрат теңдеуді шешеді


Тілдік мақсат

 

Оқушыларайнымалынытабуүшінқандайамалдарқолданукеректігінтүсіндіреді, мысалы, басқа айнымалының мәні арқылы берілген айнымалының мәнін табу үшін берілген мәнді осы функцияның формуласындағы айнымалының орнына қою керек.


Пәндік лексика және терминология:

− квадраттық функция

− функция

− функция мәні

− аргумент

− аргумент мәні

− дискриминант


Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

х / у айнымалысын берілген мәнмен алмастырамыз

Шыққан өрнектің мәнін табамыз

Шыққан квадрат теңдеуді шешеміз


Құндылықтарды дарыту

Сыниойлауындамыту.

Құндылықты дарыту оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады.


Пәнаралық байланыс

Функциямен жұмыс жасай алу дағдысы физика, биология, экономика және т.б. пәндерді оқу барысында қажет болады


АКТ қолдану дағдылары

Презентация


Бастапқы білім

Оқушылар квадраттық функция қасиеттерін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

1мин

 

7 мин


2 мин


Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

 

Білімді жаңғырту

Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:

а) Егер х = -1, онда функция у = х² - 2х + 1 мәні4-ке тең.

б) Егер у = 2х² - 3х + 1 функция мәні 16 болса, онда х = -2.

в) Аргументтің 2 және -1 мәндерінде у = х² - х -3 функция мәні бірдей болады.

г) (-3; 17) нүктесі у = 5х² + 6х -3 параболасына тиісті.


Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар жауап үлгісін пайдаланып, үй тапсырмаларын тексереді.

 

Сабақтың ортасы

20 мин

 

10 мин

Жұппен жұмыс


Келесі тапсырмаларды орындаңыз:

  1. Абсциссасы 1-ге тең у=2х2+3х–4 функция графигінің нүктесінің ординатасын табыңдар.
  2. у=2х2–3х–4 функция графигінің ординатасы 5-ке тең нүктенің оң таңбалы абсциссасын табыңдар.
  3. y=х2–4х–4 функция графигінің ординатасы (-8) болатын абсциссаларының айырымының модулін табыңдар.
  4. Координаталары (-3;6) нүктесі арқылы өтетін у=ах2–3 функциядағы а коэффициентін табыңдар.
  5. Егер парабола төбесінің координаталары (-0,5; 0,5) болса, ондау = 2х2 + bх + с функциясы үшін с коэффициентін табыңдар.
  6. у = х2 + 45 және у = х2 + 5х функциялары графиктерінің қиылысу нүктесінің абсциссасын табыңдар.
  7. у = 2х2 + 6х және у = 3х2 + 3х – 28 функциялары графиктерінің қиылысу нүктелерінің абсциссаларының қосындысын табыңдар.
  8. у = 4х2 – 5х + 3 функция нөлдерінің квадраттарының екі еселенген айырымын табыңдар.

Алынған нәтижелерді төмендегі кестеге толтырыңдар, сонда сендер еліміздің ең үлкен театрында бірінші қойылымның болған уақытын құрастырасыңдар.


«жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бірінші қойылым өтті. Мұхтар Әуезовтің либреттосына «Айман Шолпан» музыкалық комедиясы қойылды. Онда Иван Коцык өңдеген әндер мен күйлер орындалды».


Дұрыс жауабы: 13.01.1934

Өзіндік жұмыс

Оқушылар сабақ мақсатына жету үшін төмендегі қалыптастырушы тапсырмаларды орындайды.

  1. Аргументтің мәні: а) 3; б)  болғанда  функциясын мәнін табыңыз.
  2. Аргументтің қандай мәнінде функция мәні: а) 2; б) -10; в) 7,5 болады?

Қосымша тапсырма

Берілген интервалдағы функция графигін салыңыз.Квадраттық функцияны салу тәсілдерін кезектестіріп орындаңыз.

Жауабы:

desmos.com графикалық калькуляторы арқылы немесе слайдтағы сурет арқылы тексеріледі. Оқушылар өз жұмыстарын дескрипторлар арқылы бағалайды:


Дескрипторлар

- функция графигінің сұлбасын салады;

- графикті берілген аралықта шектейді.

 

Қосымша 1



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*