Қазақша
математиктер сайты

Мәтіндік есептерді шешу - 8 сынып

Мәтіндік есептерді шешу - 8 сынып
Қысқа мерзімді жоспарлар
18:24, 01 маусын 2020
2 981
0

Есептерді шығару үшін квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қолданады

Берілген есепті шығару үшін квадрат функцияның қандай қасиеттерін қолдану керектігін талдайды

Тілдік мақсат

 

Оқушылар нақты есепте квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қалай қолдануға болатынын түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

− квадрат функция

− функция

− функция мәні

− аргумент

− аргументтің мәні

− ең үлкен / ең кіші мәні

− математикалық модель

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

− ең үлкен / ең кіші мәнге парабола төбесінде ие болады

Айнымалы енгіземіз

х пен белгілейік

...х арқылы өрнектейік

Құндылықтарды дарыту

Функционалды сауаттылық – алған білімдерін жеке, әлеуметтік, экономикалық мақсаттарда қолдана алу.

Сабақтың мазмұны арқылы орындалады.

Пәнаралық байланыс

Физика, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат функцияның қасиеттерін біледі, оларды квадрат функцияның графигі арқылы анықтай алады.

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1мин

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу.Сабақ мақсатын талқылау.

Білімді жаңғырту

Оқушыларға квадраттық теңдеулер мен квадраттық функцияларға байланысты тұжырымдар жазылған карточкалар таратылады. Ол осы тұжырымдарды 3 топқа бөлу керек: Әрқашан (яғни әрқашан дұрыс), Кейде (яғни кейбір жағдайларда дұрыс),) Ешқашан (яғни әрқашан қате).

1) квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы 3-ке тең.

2) Квадраттық функцияның нөлдерінің саны дискриминантқа байланысты.

3) квадрат теңдеуінің түбірлерінің бірі нөлге тең, ал екіншісі нөлге тең емес.

4) квадрат теңдеудің түбірлерінің квадраттарының айырмасы оның дискриминантына тең.

5) жәнефункция графиктері ордината осіне қатысты симметриялы.

6) теңдеуінің 4 түбірі бар.

Жұмыс аяқталған соң оқушылар сыныпты аралап жүріп басқа топтардың жұмыстарын қарайды, стикерде комментарийлер қалдырады. Орнына келген соң топтар комментарийлерді оқиды, қажет болған жағдайда жұмысқа өзгертулер енгізеді.

Жауаптары мен шешімдері

Әрқашан

Кейде

Ешқашан

2; 4; 5

3 (b=0 болғанда екі түбірі де 0-ге тең)

1; 6

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар шағын топта үй тапсырмаларын талқылайды.

 

 

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стикерлер

 

 

 

 

Оқушылардың жұмыстары


Сабақтың ортасы

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Жұппен жұмыс

Оқушылар тапсырмалар парағын алады. 1-есеп шешуімен берілген. Оқушылар шешіммен танысулары керек.

2 және 3тапсырмаларды оқушылар өздіктерінен шығарады, кейін жұпта талқылайды.

Мұғалім сыныпты аралап жүріп, тапсырманы орындаған оқушыға өзінің оқушылар тізімінде белгі қояды.

1) Норманд терезесі тіктөртбұрыштан және жоғарғы жағы жарты шеңберден тұрады. Сәулет құрылысында бұл терезе көп қолданысқа ие. Терезенің периметрі P-ға тең. Жарық неғұрлым көп түсу үшін оның өлшемдері қандай болу керек?

2) Фирма шикізат сақтау үшін жаңа қойма саламыз деп шешті.  Қойманың биіктігі 4 м. Сыртқы қабырғасын қаптауға арналған материал осындай биіктіктегі ұзындығы 36 метр қабырғаны жабуға жетеді.  Көлемі ең үлкен болу үшін қойманың (пішіні тікбұрышты параллелепипед) өлшемдері қандай болу керек?

3)Фонтанның су ағыны ең үлкен 1,2 м биіктікке вертикаль ағын өтетін О нүктесінен 1 м қашықтықта жетеді. О нүктесінен 0,6 м қашықтықтағы ағынның биіктігін анықтаңыз.

Қосымша тапсырма

Егер көлік 120 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, онда 100 км жолға 6 л жанармай жағады, ал егер оның жылдамдығы 150 км/сағ болса, онда 100 км жолға 9 л жанармай жағады. Тұжырым дұрыс па:

а) Жалдамдығы 120 км /сағ 8 литржанармай 150 км жолға жетеді.

б) Жанармайдың көлемі бірдей болғанда, 120 км/сағ жылдамдықпен 150 км/сағ жылдамдыққа қарағанда  50% артық жол жүреді.

в) 120 км/сағ жылдамдықпен жүргендегі 5 литр жанармай 45 минут жолға жетеді.

г) Егер көлік 300 км жолға21 литр жанармай жақса және x км жолды  120 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған жолды 150 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, онда.

Жауабы: а) жоқ; б) ия; в) жоқ; г) ия.

 

Қосымша 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 


Сабақтың соңы

3 мин

 

2 мин

Рефлексия

Оқушылармен жеткен нәтижелерді талқылау, келесі қадамдарды ойластыру.

Үй тапсырмасы

4) Физика курсынанбілетініміздей тігінен жоғары лақтырылған заттың t уақытта жеткен h биіктігі  формуласымен беріледі, мұндағы - заттың алғашқы биіктігі,  - заттың лақтырылғандағы биіктігі, g – еркін түсу үдеуі, .

Допты 3 м биіктіктен 9м/с бастапқы жылдамдықпентігінен жоғары лақтырды. Доп ең үлкен қандай биіктікке жетті және жерге қашан құлады?

5) апараметрінің қандай мәнінде параболасының абсцисса осімен екі ортақ нүктесі болады?

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушы ларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгерудеңгейін қалайтексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек алу үшін жұпта жұмыстанады.

Есеп шығару кезінде оқушылар бір-бірін бағалайды.

Мұғалім сыныпты аралып жүріп ауызша комментарийлер береді.

Сабақта іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады.



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*