Симметрия әлемінде
”Симметрия адамзаттың сан ғасырлар бойы сәндікті жетілдіру үшін ашуға әрекет еткен ұсынысы болып келеді”.
Симметрияны біз барлық жерде кездестіреміз: табиғатта, техникада, өнерде, ғылымда. Мысалы, мына симметрияларды алайық, көбелекті және еменннің жапырағын, автомобилдердің және ұшақтың симметриялық атом молекулаларының және кристалдарының құрылысының симметриялы орналасуы.
“Симметрия” термині грекше “ұқсас, пропорционал, бөліктердің бірдей орналасуы” деген мағынаны білдіреді.
Ағаштың тұлғасы оның тік симметрия өсі болып саналады. Симметрияны жапырақтардан, гүлдерден, бұтақтардан, өнімдерден ашық көруге болады. Суреттеайналы симметрияға мысал келтірілген (түсіндіру керек); бұл жағдай жапырақтар мен гүлдерде көп кездеседі.
Әрбір қар түйіршігі - қатып қалған су тамшысы болып табылады. Қар түйіршігінің пішіні әр түрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы6-шы дәрежелі бұрылма симметриясы мен айналы симметрияға ие болады.
Қазақтың ұлтық ою-өрнектері өзінің әсемдігімен көз тартады. Ою-өрнектедің түрлері өте көп. Олардың әрқайсысы әртүрлі симметриялы. Сонымен қатар қазақ қыздарының әшекей бұйымдары да басқаларға қарағанда симметрия жағынан айқын көрінеді. оған мысал ретінде шашқа тағатын шолпы, білезік, белдік пен белбау сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары сандықтың бетіндегі оюлардың барлығы симметриялы.
Паркет және орнамент туралы қысқаша айту.
Жазықтықты тек үш дұрыс көпбұрыштар толық жаба алатынын дәлелдеуге болады. Олар , тең қабырғалы үшбұрыштар, квадрат және алты бұрыш.