Оригами
1. Оригами тарихынан.
Оригами – қағазды бүктеу арқылы әртүрлі моделдер аңдарды, құстарды, гүлдерді жасауға мүмкіндік беретін жапон өнері.
Ең негізгі жұмыс құралы – қағаз болып табылады. Ең негізгі жұмысты атқаратын – ол қол.
Бұл қолмен қағазды бүктеу арқылы әдемі ойыншықтар мен геометриялық фигуралар жасауға арналған сабақ түрі. Жасаған дайын фигураларды сыйға тартуға және қағаздан жасалған ертегі кейіпкерлермен көрініс көрсетуге болады.
Оригами тарихы.
Қытайда қағаздың шығуы б.э.дейінгі 105 жыл деп есептейді. Ал 610 жылы жапондықтар өз қағаздарын шығарды, олардың қағаздарының сапасы қытай қағаздарынан алда болды. Алғашқы қағаз фабрикасы 1870 жылы Токиода жасалынды.
Ертеде ,Қытайда қағаздарды діни мерекелерде қолданған. Сол себепті алғашқы оригамилар храмдарда кездескені бекер емес. Оригами сөзі "ори" - бүктелген, ал "ками" – қағаз және құдай дегенді білдіреді.
Жапонияда бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, дәстүрге айналған.
Алғашқы жапон баспасынан шыққан кітап “Сенбадзуру ориката” (1797 жыл) болып табылады. Кітаптың атының аудармасы “мыңдаған тырналарды қалай бүктейміз» дегенді білдіреді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында оригами жапон шекарасынын шықты. Англия және Америкада оригами бір-бірімен кездесуге мүмкіндік жасады. Ресейде ең ғажап оригами орталығы Мәскеу мен Санк-Петербургте орналасқан.
Оригамидің жаңадан дүниеге келуіне 1945 жыл 6 тамызда болған Хиросима қаласындағы ядролық бомбаның жарылысымен байланысты.
Сол кезде зардап шеккен балалар арасында, егер қағаздан 1000 тырна жасасақ ,аурудан жазылып тірі қаламыз деген аңыз бар. Сол балалардың арасында СадакоСасаки атты қыз бала бар болатын. Тырналарды жасау, ол жазылып кетудің соңғы үміт болатын. Бірақ Садако тек 644 тырна... ғана жасап үлгерді.
Херосимада бомбадан зардап шеккендерді еске алатын Бейбітшілік паркі мен қаза болған балаларға монумент ашылды.
2. Оригами техникасы бойынша жасалған алғашқы көрме 1931 жылы Токиода болған. Оған жапон шебері Мичио Учияманың қағаздан жасалған бұйымдары қойылған. Кейіндер осындай көрме Мексикада болды.
3. Балалардың ой-өрісінің дамуы мен тәрбиесіне - оригами үлкен роль атқарады. Оригами - мидың оң жақ сол жақ жартышарларының белсенді қызмет жасауына ықпал жасайды, себебі жұмыс бірден екі қолмен атқарылатын болғандықтан, қолдың қимылы бақыланады.
4. Практикалық жұмыс: Бүгінгі сендерге, оригамиді қолданып, мынадай модельдер жасауды үйретеміз.
Қыз балалар , «лотос» гүлін , ал ұлдар құс жасайды. Барлықтарың қағаздарыңды алыңдар. Қыздарға Гаухар көмектеседі, ал мен ұлдарға көмек беремін.
Қағазды бүктеу және бұрау арқылы жасалған кусудама моделі- «шарлар»