Кіру
Качественные бесплатные шаблоны dle скачать с сайта
» » Үшбұрыштың түрлері 7 сынып

Үшбұрыштың түрлері 7 сынып

Авторы: syrlybek
Аманкелді ауданы, Үрпек ауылы Эстетикалық бағыттағы
Жаңа ауыл жалпы орта білім беретін мектеп,
Жаркеева Гүлназия Сейілханқызы математика пәні мұғалімі
Геометрия 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Үшбұрыштың түрлерімен танысу, үшбұрыштың анықтамасының тұжырымдамасын білу, қасиеттерін білу, үшбұрыштар туралы ұғымын кеңейте түсу.
Дамытушылық: Өздігінен ой қорта білуге, шығармашылықпен жұмыс жасау білуге, үшбұрыштардың қасиеттерін пайдаланып есеп шығара білуге дағдылану..
Тәрбиелік: Бір-бірін тыңдау арқылы өзгенін пікірімен санаса білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1. Слайдтар, флипчарт
2. кадоскоп
3. плакаттарға сызылған сызбалар
Әдісі: (визуалдық лекция). Түсіндірмелі баяндау (сұрақ-жауап, салыстыру,
иллюстрациялық және репродуктивті).
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың жүру барысы:
І- кезең. Ұйымдастыру
Сызбаларды орындауға қажетті құрал аспаптардың толық болуына назар
аудару және көңіл –күйлерін бір ортаға тоғыстыру. Шаттық шеңбері
арқылы геометриялық ұғымдар айту.
ІІ- кезең.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тарауды қайталау мақсатында
оқушыларды өзім дайындап әкелген житондар арқылы топқа бөлу , сол
топтардың атын қорғау.Тік бұрыш тобы, Сыбайлас бұрыш тобы, вертикаль
бұрыш тобы.
ІІІ- кезең. Жаңа сабақты
Ой шақыру. СТО технологиясының білемін, білгім келеді, білдім әдісін
қолдану арқылы үшбұрыш туралы білгендерін еске түсіре отырып оқушы
зейінін жаңа сабаққа бейімдеу.
Мағананы ажырату кезеңінде үш топ жаңа сабақты өздері бір – біріне
түсіндіріп, талдау жасайды.
Сыбайлас бұрыш тобы: Қабырғалары бойынша үшбұрыштардың бөлінуін
интерактивті тақта арқылы түсіндіріп қорғайды.
Тік бұрыш тобы: Үшбұрыштардың бұрыштары бойынша бөлінуін плакатта
сурет салу арқылы қорғайды.
Вертикаль бұрыш тобы: Кадоскоп арқылы практикалық жұмыс жасайды.
ІV- кезең. Ой сергіту. Оқушылардың ойын сергітіп, жігерлендіру
мақсатында интерактивтік тақта арқылы логикалық есептер шығарылады.
V- кезең. Оқушылардың жаңа оқу материалын түсінгенін тексеру
Оқушылар топпен есеп шығарып, топтың лидері интерактивтік тақтаның
ACTIVote бағдарламасындағы геометриялық құралдарды пайдаланып
сызбасын сызып, есеп шығарады.
VІ кезең. Жаңа білімді бекіту кезеңі
Тік бұрыш тобы: Тең қабырғалы, тең бүйірлі үшбұрыштарды венн
диаграммасы арқылы салыстырады.
Сыбайлас бұрыш тобы: Семантикалық қасиеттерді талдау кестесін
интерактивтік тақта арқылы талдайды.
Вертикаль бұрыш тобы: Үшбұрыштарды топтау
VІІ кезең. Қорытынды. Математикалық диктант алу.
VІІІ кезең. Үйге тапсырма: №17, №22
1. Үшбұрыштың өмірдегі мысалын жинақтау.
2. Екі жақты күнделік жазу.

ІХ. Топтарды марапаттау. Оқушы білімін бағалау.
Оқушыларға сабақ барысында жауаптарына қарай житон таратылып отырылды. Сол житондардын санына байланысты оқушылар өзін – өзі бағалайды. – өте жақсы - жақсы - орташа
Жүктеу:
Ілмек сөздер: Matematikter uwin emes ))
Қарау саны: 11 718     
Құрметті сайтқа келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы сияқты кірдініз, біз сізге тіркелуге немесе өз атынан кіруге ұсынамыз.

Пікірлер
(5)



Біздің мұғалім, Гүлназия апайдың ашық сабағы жүр ғой. Біздің аудандағы ең үздік мұғалімдердің бірегейі. Күнжәмила апайдың шәкірті.

manshuk89
үшбұрыш тақырыбынан есептер

үшбурыштар есептерін кім біледі

7СЫНЫПТАН НОВЫЙ КИТАПТАН 68 ЕСЕП ЖАУАБЫ КАЛАЙ
НЕ ПОНЕМАЮ ВАЩЕ

7 сыныптан 68 есеп жауабн тауып бересиздерме жауабын тауа алмадм

Салеметсіздер ме! мен 9 сынып оқушысымын? бұл сайтта жаңадан тіркелді? Маған Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі тақырыбын түсіндіре аласыздар ма ? не болмаса interneturok.ruмына сайт сиақты бірақ Қазақша түсіндіретін (Видео-урок) сайттарын тауып беріңіздерші Шұғыл түрде қаже еді тоқсанның аяғы ғой сынақ тапсыруым керек

Сәлеметсіздерме,мен 7 сынып оқушысымын,мен 47,49,51 есептердің жауабын таба алмадым.Өтініш,білетін болсаңыздар айтып жбермеспе екенсіздер))отиниш
Пікірді қосу
Сіздің атының: *
Е-mail: *
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Код: Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодті еңгізініз: