Кіру
Качественные бесплатные шаблоны dle скачать с сайта

Суретті формулалар

2-03-2014, 22:02 | Фотоальбом Комментариев: 3
Просмотров: 7 976
Математикадан суретті формулар. Толығымен толық жаңалықта.

Аманов Төлеубай Ыдырысұлы

17-06-2012, 19:38 | Фотоальбом Комментариев: 1
Просмотров: 3 032
Аманов Төлеубай Ыдырысұлы (25.8.1923,Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа ауылы – 21.6.1978,Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1972). 1940–42 ж. Семей пед. ин-тының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы пед. ин-тты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–53 ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант, 1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары матем. кафедрасының меңгерушісі. 1969–70 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры болды. Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертвциясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Семей қаласының орталық көшелерінің бірі және ондағы №16 мектеп, туған ауылындағы орта мектеп және бір көше Аманов атымен аталады.

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы

17-06-2012, 19:35 | Фотоальбом
Просмотров: 5 756
Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы,профессор,
Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және
техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Қарағанды облысы Ақтоғай
ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен
Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ
КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған. О.Жәутіков 1945-1965 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика
және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтының директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, 1969-1989 жылдар аралығында
Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985-1989 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі
болған.

Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.
О.Жәутіков – республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық
математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200 ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген
оқулықтардың авторы. Белгілі ғалымдар А.Ляпуновтың, С.Ковалевскийдің, Н.Лобачевскийдің, С.Соболевтің, М.Лаврентьевтің, К.Персидскийдің, Қ.Сәтпаевтің, тағы басқалардың өмірі мен шығармашылық қызметтері туралы зерттеулерін ғылыми-танымдық
кітаптары мен мақалаларында жариялаған. Академик О.Жәутіков Кеңес Одағы мен шетелдерде өткен осы замандағы математика
және механика проблемаларына арналған көптеген съездер, конгрестер мен конференцияларға, симпозиумдарға қатысқан.
Орынбек Ахметбекұлы Алматы қаласында оқушылардың Кіші ғылымдар академиясын ұйымдастырып, академияның көп жылдар бойы Құрметті президенті болды. О.Жәутіков математика ғылымын дамытуға және физика-математика білімдерін жетілдіруде зор үлес қосып, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлағаны үшін Октябрь революциясы, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик-ғалым Орынбек Жәутіков 16 мамыр күні 1989 жылы қайтыс болды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен академик-ғалым О.Жәутіковті мәңгі есте сақтау мақсатында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі мен Қарқаралы қаласындағы No1 орта мектебіне есімі берілген.
Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде үздік оқыған студенттерге арналып О.Жәутіков атындағы стипендия тағайындалған. Алматы қаласында ғалым О.Жәутіков тұрған үйдің
қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған.

Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы

17-06-2012, 19:32 | Фотоальбом Комментариев: 2
Просмотров: 4 398
Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (25.2.1956 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) – ғалым, физика-математика ғылым докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі (1995). 1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург (1986), Мюнхен (1995 – 96), Билефельд (1996 – 99) университеттерінің профессоры болып, Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында (1997), А.Салам атындағы Халықар теориялық физика орталығында (Италия, 1998, 2001), Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында (1998 – 99), Фильдс атындағы Математика институтында (Канада, 2001) қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған. Ол – 12-сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
Ғылыми дәрежелері
1981 ж. – физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО ғылым академиясының математика институты, Мәскеу)
1988ж. – физика – математика ғылымдарының докторы (КСРО ғылым академиясының математика институты, Ленинград бөлімі)
1990 ж. - Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры
1995 ж. - ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі
2004 ж. - ҚР ҰҒА-ның академигі
Шетелден алған шақыртулары
1995-1996 жж. - Мюнхен Университеті (18 ай)
1997-1999 жж. - Бильфельд Университеті (4ай)
1997 ж. - Ньютон институты, Кембридж, Ұлыбритания (4 ай)
1998 ж. - Гамбург Университеті (2 ай)
1998, 2001-2003 жж. - Теориялық физиканың халықаралық орталығы (9 ай)
1998-1999 жж. - Миттаг-Лефлер атындағы математика институты, Швеция (9 ай)
1999 ж. - Киото университеті, Жапония (1 ай)
2000-2003 жж. - Стокгольм Университеті, Швеция (9 ай)
2000 ж. - Оксфорд университеті, Ұлыбритания (1 ай)
2001 ж. – Салалар институты, Торонто (1 ай)
2001-2003 жж., 2005 ж. - Франция институты (1 ай)
2002 ж. – Шредингер институты, Вена (1 ай)
2005 ж. - Макс-Планк атындағы математика институты, Бонн (3 ай)

Қазірғі кезде ҚазҰУ-да, ҚБТУ-да және СДУ-да сабақ береді.

Асан Дабысұлы

17-06-2012, 19:29 | Фотоальбом
Просмотров: 4 242
Асан Дабысұлы Тайманов (1917-1989) – белгілі қазақ математигі, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), Қазақ ССР ҒА-ның академигі (1962), Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол Орал облысы, Орда ауданы, Бейсен ауылында туған. Он жастағы Асан мұғалім Ахметфаиз Тажетдинов көмегімен орда кеңшарындағы балалар үйіне орналастырылып, тәрбиеленеді. Кейін педагогикалық училищеге айналдырылған Сломихиндегі шаруа жастар мектебінде оқыды. Оны үздік бітіріп, 1933 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына түсіп, оны бітіргеннен кейін математика кафедрасының кіші мұғалімдігіне қалдырылды. Осы мезгілде М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті механика-математика факультетінің сырттай оқыту бөліміне емтихан тапсырып, студент атанады. Оның үшінші курсын бітіргеннен кейін, 1938 жылы А.Д.Тайманов Ленин атындағы Москваның мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасында 1941 жылға дейін оқыды. Оны екінші рет 1945-1947 жылдар арасында қайта оқыды. Аспирантурада алғашқы оқып жүрген кезде көрнекті математик, ірі педагог А.Я.Хинчин алғыр Асан Дабысұлына көңіл бөліп, ұлы математик болуына қамқорлық жасады. Осы жылдары орыстың атақты математиктері А.А.Ляпунов, П.С. Александров, Л.В.Келдыш, В.В.Степанов, М.Б.Бебутов, Ф.Р.Гантмахер және басқалар ұйымдастырған түрлі-түрлі ғылыми семинарларды қалт жібермей, ғылыми талас пен талдаулардың ортасында болды. Өзі де түрлі тақырыпта баяндамалар жасап, өз өресін де байқап, көрді. Енді ғана сенім мен беделге ие бола бергенде, ел дүрлігіп, қанды соғыс басталып-ақ кетті. Соғысты Пруссияда аяқтады.
- Біз Отанды қорғасақ, мені математика қорғады,- деп, қалжыңдайды күйеу баласына. Бұл сөзді мен 1981 жылы Қарағанды конференциясына қатысқан кезде, Қарқаралы тауының баурайында бәріміз бірге жүрген кезде естідім.
Соғыстан 1945 жылы оралғаннан кейін, А.Д.Тайманов аспирантураға қайта оралып, ұстаздарының семинарларына қатысты. П.С.Новиков, Л.В.Келдыш және А.А.Ляпуновтың жетекшілігімен топология мәселелерімен айналысып, іргелі-іргелі нәтижелер алды. Осы нәтижелер негізінде 1947 жылы «Байланыссыз жиындардың дерлік құраушылары» тақырыбында физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. Академик П.С.Александров бұл ғылыми жұмыстардағы табыстарды атай келіп, «математикадағы іргелі табыстардың бірі, әлі де қомақты зерттеулер күтеміз»,- деуі шын жараған тұлпардың басып қоя берумен бірдей еді.
Қазақстанның шақыруымен Асан Дабысұлы 1947 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтына қызметке келді. Мұнда ол физика-математика факультетінде математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Онда ол 1954 жылға дейін болды. Бұл кезде ол қалалық және облыстық алғашқы олимпиадалық олимпиадаларды өткізуді жолға қоя бастады. 1951 жылы ашық бейнелеулерде В – жиындардың кластарын сақтау жөніндегі неміс математигі Хаусдорф проблемасы бойынша зерттеулер тобын жүргізіп, ақтық нәтижелер алды. Тайманов теоремасына сүйенгендер бірінен соң бірі ірі табыстарға жетті. Соның негізінде дүниенің төрт бұрышына әйгілі Тайманов-Сент-Раймонд-Чобан теоремасы тұжырымдалды. Бұдан әрі Тайманов өз жаңалықтарымен жиі дүр сілкінтіп отырды. Жүйрік қаламы 1954 жылы жазбай, туған жерге сыймай, Шуя, Иванов жаққа кетіп қалды. Ол жақта қайта тұтанып, жалындап жанып, жалынымен дүниені орап алды. 1955-1960жылдар арасында 20 ғылыми еңбек жарық көрді. 1956 жыл. Бұл Асан Дабысұлы Таймановтың өміріне өзгеріс әкелген жыл. Мінбеде А.Д.Тайманов. Сырттай естігені болмаса, еңбектерін талайлары түсінбей, бастары қатқаны болмаса, өзімен жүзбе-жүз кездесіп отырғаны осы.
Кішкене ғана бойлы, қапсағай, терең ойлы көзді, қарапайым ғана киінген, шашын сәл ғана сол жағына тараған, сол көзі оң көзінен сәл үлкендеу, миығынан күліп тұрғандай белгісі болғанымен, ойы көзұшында жатқан адамды көргендер, Тайманов осы ма деп қалды. Күш атасын танымас деген осы. Міне, осы кездесуден кейін-ақ, өзінің ғылыми бағытын модельдер теориясына арнады. Өзінің айналысып жүрген дескриптивтік жиындар теориясының көзқарастарын модельдер теориясының талай проблемаларына пайдаланып, Таймановтық индуктивтік процесті ашты, Тайманов критерийін ашты. «Балаңды оқуға Ордаға бер, Ордаға бермесең молдаға бер» деген қанатты сөздің Файз аталардың беделін көрсетпей ме?! Файз атадан кімдерді мақтаныш етесің? Дегенде ол: -Е, ондай шәкірттер көп қой, қайсы бірін айтарсыз, сонда да болса кейбіреулерін айтайын, – деді. Сонда Темір Мусин, Ахмедияр Құсайынов, Қарасай Сариев, Асан Тайманов, Ақырым Ыдырысов, Базарбай Жұманиязов деп шұбырта жөнелді. Атаса атағандай-ақ. Бәрі де ел мақтанышы. Бұл оқиға 1982 жылы болған еді.
1960 жыл да Асан Дабысұлына жайлы жыл болды. «Жоғары алгебра» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер атағы берілді. Ондай атақ ілуде біреуге беріледі. Бұдан әргі Тайманов жолы СССР Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесімен байланысты. Мұнда ол Математика институтында және Новосибирск университетінде қызмет істеді. Математика институтында 1968 жылға дейін жұмыс істеп, математика бойынша кадрларды даярлауда елеулі қызмет атқарды. Мәселен, оның ұсынысы бойынша университетте қазақ тобы ашылып, Қазақстан үшін көптеген мамандар даярлады. А.Д.Тайманов 1961жылы ғылым докторы болса, 1962 жылдан академик. 1968 жылы ол Алматыға шақырылды, бірақ ол 1970 жылы қайта Сібірге оралды. Асан Дабысұлы 107 ғылыми еңбек жазып, бірнеше ғылым докторы мен кандидаттарын даярлады. Асан Дабысұлы математикалық логикадан ұйымдастырылған он төрт халықаралық конгрестің жетекшісі болды. Мұндай құрметке дүниежүзінде бірде-бір математиктің қолы жетпеген. Ол математиктер бекзадасы. Өзінің ақтық тілегімен Москвада жерленген .

Нұрлан Темірғалиұлы

17-06-2012, 19:27 | Фотоальбом
Просмотров: 2 867
Нұрлан Темірғалиұлы Темірғалиев – математик, физика-математика ғылымдарының докторы (1991), профессор (1991), кафедра меңгерушісі (1992 жылдан). Ол Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы орталығы Калмыковода қаңтардың 13-де өмірге келген. Әкесі Темірғали мен шешесі қарапайым адамдар. Әкесі бір кездерде колхозда есепші, бухгалтер болған. Ол кісі 82 жасында 1983 жылы қайтыс болса, шешесі Айдай 1909-1985 жылдары өмір сүрген. 1953 жылы Қостанай облысы, Қарабалық ауданына қарасты Бөрілі орта мектебінің бірінші класына барып, мұнда екі жыл оқығаннан кейін, Тайпаққа көшіп келіп, Калмыково үлгі орта мектебін алтын медальмен бітірді. Бұл 1964 жыл болатын. Осы жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны үздік бітіргеннен кейін В.А.Стеклов атындағы математикалық институт аспирантурасында 1972 жылға дейін оқыды. Сол жылы Россия Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Петр Лавреньтевич Ульяновтың жетекшілігімен «Қатарлардың кейбір қасиеттері және енгізу теоремалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сөйтіп, Москвадан Алматыға жолдама алып, аз ғана уақыт Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясында қызмет істеді де ұстаздық қызметке ауысты. Нұрлан 1974 жылдан үзбей әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетте қызмет етіп келеді. Ол аға оқытушылыққа қабылданып, доцент, профессор атақтарына кір келтірмей, аялап келеді. Осы жылдар ішінде елу шақты ғылыми еңбек жазып, бес ғылым кандидатын даярлады. Қазір он аспирантқа жетекші.(1996 жыл). Оның докторлық диссертациясы «Об эффективности алгоритмов численного интегрирования и восстановления функций многих переменных» деп аталады. Оны жас ғалым Москвадағы Стеклов атындағы математикалық институтта қорғады. Сенімшілері: физика-математика ғылымдарының докторлары, профессорлар В.Н.Тепляков, М.М.Сктиганов, Н.А.Бобылевтар. Олар Нұрлан Темірғалиұлының дүниежүзі математиктерінің ширек ғасырдан бері шеше алмай келе жатқан проблеманы шешкендігін бір ауыздан мойындады. Бұл мәселемен орыс математигі Н.М.Коробуов, Қытай Ғылым Академиясының вице-президенті Хуа Ло-Кен, неміс математигі Э.Хлавка айналысқандығын көпшілікке паш ете отырып, Нұрлан Темірғалиұлы, бұл мәселені Америкада шығатын «Қазіргі математика» журналының сандық интегралдаудың өзекті мәселесі екендігін есептегенін, өзінің соны шешкендігін мақтан етеді. 1995 жылы Назарбай Блиев бастаған топ Сергей Михайлович Никольскийдің тоқсан жылдығын тойлауға келгенде, көпшілік алдында Қазақстан математикасының жетістіктерін атай келіп, Нұрлан Темірғалиұлын «ұлы математик» екендігін өз аузынан айтты. Бұған Қазақстан математиктері де қуанады. Ғалымның нәтижелері есептеу математикасында қолданылатындығы оның өміршеңдігін дәлелдейді. Нұрлан Темірғалиев Қазақстандағы математикалық білімді жетілдіруге бар күш-жігерін салып, сол үшін күресуде. Ол ауық-ауық газет-журнал беттерінде бұл туралы пікірін айтып, оны дәлелдейді. Ол кейінгі жылдары кадрларды даярлау сапасы республика бойынша төмендеп, оқу-құралдары жетіспей, оқыту мазмұнына біріңғай талап қойылмайды деген өз дәлелдерін айтады. Математикалық білімді жақсартудың бір жолы ретінде ғалым үш томдық «Математикалық анализін» жазды. Оның бірінші томы 1987 жылы «Рауан» баспасынан, екінші томы «Ана тілі» баспасынан 1991жылы, үшінші томы «Білім» баспасынан 1996 жылы шықты. Бұлар математикалық анализден жазылған кейінгі жылдардығы қомақты еңбек. Онда дәстүрлік материалдар мен жаңа теориялар байланыстырыла, әдістемелік жағынан ұстамды жазылған оқулық. Математикалық терминологияны жасаудың халықаралық тәжірибесін қатаң ұстанған автор өз кемшілігін түзетуден қорықпайды. Адамгершілігі мол, қарапайым да әңгімешіл ғалым, ескі тарихты қазіргімен байланыстырудыжақтайды. Шәкірттеріне жағдай жасап, олардың хал жағдайын білгісі келіп, бірге жүреді.

Ермеков Әлімхан

17-06-2012, 19:24 | Фотоальбом
Просмотров: 3 288
Ермеков Әлімхан Әбеуұлы (1891-1970) Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, Беріктас деген жерде өмірге келді. Әкесі Әбеу халқына қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі. Ол 1911 жылы қайтыс болған. Әлімхан 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектепті үздік бітірген Әлімханды әкесі 1906 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына әкеліп түсіреді. Оны Әлімхан 1912 жылы алтын медальмен бітірді де, осы жылы Том технологиялық институтының тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады. Бірақ оны түрлі жағдайларға байланысты 1923 жылы ғана бітірді. Зеректігі мен алғырлығы оған математиканы өз бетінше меңгеруге мүмкіндік берді. Математика ғылымы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш профессор да атанды.
Университетте оқып жүргенде-ақ озық ойлы, орыстың белгілі саяхатшысы, Шоқын Уәлихановтың досы Г.Н.Потанинмен, орыс жазушылары В.Я.Шишковпен, В.М.Бахметьевпен, революционер Бауэрмен таныс болды. Олар Әлімханның саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Алашорда басшылары Әлихан Бөкейханов, Халел Ғаббасовтармен пікірлес болды. Қазақ республикасын құру мен оның территориялық шекарасын белгілеуде зор еңбек сіңірген қоғам қайраткері ғана емес, жастарға білім беруге жан-тәнімен берілген ұлағатты ұстаз. 1921 жылы Ермеков туған жері Қарқаралыға келіп екі басқышты мектеп ашады. Қарқаралы – Ұлытау, Баян өлкесінің жастарына өнер-білім алуға ұйытқы болады. Қызыларай өңірінде бастауыш мектептер ашты. Бұдан кейін әртүрлі жауапты қызметтерде болады. 1926 жылы Ташкентте тұңғыш қазақ педагогика институты ашылғанда, оған Ә.Ермеков алдырылып, математикадан сабақ бергізген институт ректоры Т.Жүргеновпен дос болады. Олар институтты Алматыға ауыстырады. Ол Қазақ Мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Бұдан кейін де бірнеше оқу орнының ашылуына себін тигізіп, онда математикадан сабақтар береді. 1935 жылы Қызылордадан көлемі 10 баспа табақ “Ұлы математика курсын” бастырып шығарды. Бұл – қазақ тілінде тұңғыш жазылған жоғары математика оқулығы. Қазіргі аналитикалық геометрияның, анықтауыштар теориясының көптеген атауларын Ә.Ермеков ұсынған. Кітабында бірінші рет эф, икс, вэ әріптерін пайдаланды. Бұл ойын ол 1930 жылдары Жаңа әліп отырымында талай айтқан-ды. 1935 және 1936 жылдары математикалық сөздерді де жинақтап, басып шығарды. 1992 жылы 10 сәуірде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясында Ә.Ермековтың туғанына 100 жыл толғанына орай ғылыми конференция болып өтті. Онда профессор Дәулет Үмбетжанұлы “Ә.Ермековтың өмір жолы” атты кең көлемді баяндама жасады. Кейін ол Академия “Хабаршысына ” басылды. Сондай-ақ, осы жолдың авторы “Қазақтың ғылыми математикалық терминологиясының бастауында – профессор Ә.Ә.Ермеков” деген тақырыпта баяндама жасады.
Ә.Ермеков 1938 жылдың ақпанынан бастап 17 наурызына дейінгі аралықта Куйбышев қаласындағы жоспарлау институтының математика кафедрасының меңгерушісі болып істеді. Жалақорлардың жазған бірнеше арызынан кейін, әскери трибунал Ә.Ермековты 10 жылға түрмеге қамады. Одан 1947 жылдың басында босанды. 1947 жылдың 15 тамызынан Шымкент технологиялық институты математика кафедрасының меңгерушісі болып ұстаздығын қайта жалғастырды. Қаламын қолына алып, терминология мәселесін қайта қозғады. Амал не, осы жылы түрмеге қамалып, одан 1955 жылы босанып, 1957 толық ақталды. Осыдан кейін ол Қарағандыға қоныс аударып, Қарағанды тау-кен институтында қызмет істеді. Математиканы білмейтіндерге екіден басқа баға қоймайтын турашыл азамат әйелі Рахила 1960 жылы қайтыс болды. Өз қолымен толтырған құжаттарында орыс, латын, ағылшын, француз, неміс және итальян тілдерінде еркін сөйлейтіндігін жазған. Мұны біз өз оқулығында берген түсініктемелерінен де байқаймыз. Ә.Ермековтың жалғыз ұлы Мағауия – профессор, геология-минерология ғылымының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал қызы Раушан – инженер, Бакуде тұрады, ағасының баласы Мүсілім – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА корреспондент мүшесі, ал қарындасы Бопан ғылым кандидаты, доцент. С.Торайғыров “Таныстыру” деген ертеде шығарған бір өлеңінде Ә.Ермековты жақсы сипаттайды.
“Оқу және әдістемелік әдебиеттері жөніндегі Республикалық баспа кабинеті” проф. Әбеуұлы Әлімханның “Ұлы математика курсын ” 1955 жылы қайта басып шығарды. Баспаға дайындаған ғылым кандидаты Ш.Біләлов.

Птолемей

17-06-2012, 19:22 | Фотоальбом Комментариев: 2
Просмотров: 7 604
Клавдий Птолемейдің өмір жолы туралы мағұлмат жоқтың қасы, тек қана біздің заманымыздың 120 жылынан бастап Александрияда өмір сүргені белгілі. Ол өзінің жетістіктері негізінде арабтар «Алмагест» деп атап кеткен. Үлкен еңбектің авторы «Алмагест» арабша «алмаджести», яғни «аса ұлы» шығарма дегенді білдіреді. Птолемейдің бірінші кітабында гректердің триогеометриясы жүйелі түрде баяндалған. Мұнда 0º бастап 180º дейінгі хордалардың таблицалары келтірілген. Тарихи жазбалар бойынша хордалар таблицасын алғаш жасаушы ретінде б.з.д. 2 ғасырда өмір сүрген астраном математик Гипарх екен. Бірақ ол таблицалар бізге жеткен жоқ. Грек математиктерінде бұл кезде синус, косинус және тангенс сызықтары болмаған. Бұлардың радиусы тұрақты дөңгелектің центрлік бұрыштарына сәйкес келетін хордалардың ұзындығын есептейді. Птолемей дөңгелек шеңбердің 360º, ал оның диаметрін 120 бөлікке бөледі, сөйтіп, хорданың ұзындығын дөңгелектің радиусы (орнықты) арқылы өрнектейді. Басқа бұрыштарға қандай хордалар сәйкес келетінін анықтауға Птолемей шеңберді іштей сызылған төртбұрыш дөңгелекке іштей сызылса, онда оның диогональдарының көбейтіндісі қарама – қарсы қабырғалардың көбейтінділерінің қосындысына тең болады. Бұл теорема қазір Птолемейдің есімімен аталып жүр.
Қортындылай келгенде ұлы математиктер математиканы дамытуда адамзатты ғажайып жаңалықтармен әлі талай қуантады.
Ғылым тарихына көз салғанда адамзаттың асыл перезенттері ашқан ұлы жаңалықтарға тоқталмай өте алмаймыз, өйткені басқалар мен салыстырғанда бұлардың ойлары орасан зор. Таланттары ерекше биік тұрады. Бұлардың ғылыми идеялары болашаққа өзінің нұрын шашады.
Птолемей (б.з. 90-160 ж.), негізінен, картографиялық бағыт ұстанған. Ол өзінің «Географияға жетекші» атты еңбегінде жер туралы картографиялық деректерді жинақтаған. Ол Геродот сияқты, Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсеткен. Бірақ оның пішінін шығыстан батысқа қарай созылған күйде қате бейнелеген. Сырдария мен Әмудария Каспийге құяды деп ойлаған. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген. Алыс өлкелердің картаға түсірілуіндегі қателіктеріне қарамастан, Птолемей ежелгі дүние елдерін сызып бейнелеп, ендіктер мен бойлықтар бойымен көрсетуде, күннің ұзақтығын анықтауда көп жаңалықтар ашты.