Қысқаша көбейту формулалары

Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы
№44 орта мектептің математика пәні мұғалімі
Адамбаева Жазира Жакуповна
Файл: презентация түрінде

kyskasha-kobeitu.pptx [1,28 Mb] (жүктелгендері: 542)
толығырақ көру
  • көрулер саны: 1771
  • пікірлер саны: (0)

Ферманың ұлы теормеасы

Ферманың ұлы теормеасы
Ферманың Ұлы теоремасы Ферманың Ұлы теоремасы́ (немесеФерманың соңғы теоремасы) — математикадағы ең әйгілі деуге болытын теоремасы; оның шарты орта мектеп білімі деңгейінде тұжырымдалғанымен, дәлелдеу үшін көптеген мықты математиктер ұзақ уақыт бастарын қатырды. Теорема былай дейді: Кез келген бүтін n > 2 үшін теңдеуінің натурал a, b және c шешуі болмайды. Пьер Ферманың 1637 тұжырымдаған осы теоремасы Диофанттың «Арифметика» атты кітабы беттерінде "мен тапқан алғырлық дәлелдеме осы бетке сыйдыруға өте ұзақ болады" деген сөздермен басылып шығады. Кейін Ферма n = 4 үшін шешуін жариялайды, алдыңғы алғырлық дәлелдеуі туралы осы жолы ол тіс жармағандықтан жалпы түрде дәлелдегені күмәнді. Эйлер 1770 жылы теореманы n = 3 үшін, алДирихле мен Лежандр 1825 жылы n = 5 үшін дәлелдейді. Өз үлестерін дәлелдеуге Ламе,Софи Жермен, Куммер және т. б. көптеген алдыңғы қатарлы математиктер қосты. Теореманы дәлелдеуге деген талпыныс қазіргі сандар теориясының көптеген нәтижелерін табуға алып келді. Фальтингстың 1983 жылы дәлелдегенМорделла гипотезасынан an + bn = cnтеңдеуінің n > 3 болғанда тек шектеулі өзара жай шешуі болатындығы шығады. Дәлелдеудің соңғы қадамын тек 1994 жылдың қыркүйегінде Уайлс Эндрю жасады. 130-беттік дәлелдеу «Annals of Mathematics»журналында жарыққа шығады.

Ферманың ұлы теоремасы

толығырақ көру
  • көрулер саны: 3039
  • пікірлер саны: (0)

Абель Нильс Хенрик - Норвегияның атақты математигі

Абель Нильс Хенрик  - Норвегияның атақты математигі
Абель Нильс Хенрик Абель Нильс Хенрик (Niels Henrik Abel, 1802-1829) - Норвегияның атақты математигі, осы заман алгебрасының дамуындағы көшбасшысы. 1802 ж. 5-тамыз күні Финнейде шала сопы-пастор сурен Георт Абелдің семьясында дүниеге келген, 1829 ж. 6-сәуір күні Фолуланда қайтыс болған. [өңдеу]Өмірбаяны 13 жасында Ослода діни мектепке түскен, математика мүғалімі Бернт Микель Хольмобое оның талантын байқап, оған жетекшілік еткен. Жас шағынан бастап Абель кейбір математикалық мәселелерге ой жүгірте бастайды. 1821 жылы бірнеше профессордың көмегімен Осло университетіне түседі. Ол университетте өздігінен оқыған, сонымен бірге көп уақытын зерттеуге жұмсаған. 1824 жылы, Абель 5-дәрежелі алгебралық теңдеудің шешуін әдеттегі түбір табу жолымен табуға болмайтынын дәлелдеу барысында, топтарға(Абел тобына) алмастыруға болады деген тұжырымды енгізеді. Мақаласы түсінікті болу үшін француз тілінде жарялайды және оны С.Ф.Гауссқа жіберіп береді. Бірақ шет ел математиктері ешқандай көмек көрсетпейді. 1825 жылы ол Берлинге барып, сол жерде А.Л.Креллемен (August Leopold Crelle 1780-1855) танысып дос болады.

Абель Нильс Хенрик-Норвегияның атақты математигі

толығырақ көру
  • көрулер саны: 2460
  • пікірлер саны: (1)

Жаутыков Орымбек Ахметбекұлы туралы

Жаутыков Орымбек Ахметбекұлы туралы
Жәутіков Орымбек Ахметбекұлы (1911-1989) Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған.

Жаутыков Орынбек Ахметбекұлы 

толығырақ көру
  • көрулер саны: 4701
  • пікірлер саны: (1)

Ұлы математиктер-реферат

Ұлы математиктер Математика (грек - білім, ғылым) - ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістіктегі пішіндер жайлы ғылым. Математиканың даму тарихы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең математика, білім дағдылардың қолдану, жинақтау дәуірі. Ол ерте кезден басталып, б.з.б. 7 - 6 ғасырларына дейін созылады. Бұл дәуірде математика адамзаттың өмір тәжірібисіне тікелей тәуеді болды, солардан қорытылған ережелер жинағынан құралды. Екінші кезең математиканың өз алдына дербес теория, ғылым болып тууы, қалыптасу кезеңі. Мұнда, көбінесе, сандар, скамярлық шамалар және қарапайым геометриялық фигуралар қарастырылды. Математика зерттейтін шамалар (ұзындық, аудан, көлем т.б.) тұрақты болып келді. Осы уақыттарда арефметика, геометрия, алгебра, тригонометрия және математикалық анализдің кейбір элементтері пайда болып, айрықша теория пән ретінде қалыптасты. Математика сауда саласында жер өлшеуде, астрономияда, архитектурада қолданыла бастады. Бұл кезең тұрақты шамалар математикасы, элементтер матиматикасы кезеңі деп те аталады. Ол екі мың жылға жуық мерзімге созылып, шамамен 17 ғасырда аяқталды.

Ұлы математиктер-реферат

толығырақ көру
  • көрулер саны: 19776
  • пікірлер саны: (2)