Қазақша
математиктер сайты

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Ашық сабақтар
19:35, 20 ақпан 2013
21 978
3

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
№41 жалпы білім беретін орта мектептің
математика пәні мұғалімі
Тойбекова Рымтай Аскатовна


Сабақ №91 Сыныбы 6 математика
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу. Қозғалысқа берілген есептер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қозғалысқа берілген есептерді теңдеу құру арқылы шығара білулеріне жағдай жасау.
Дамытушылық: Ойлау қаблеттерін дамыта отырып есептер шығару.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Көрнекілік:
Үлестірме материалдар.
Сабақтың түрі:
Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ.
Қолданылған
әдебиеттер:
«Математика» дидактикалық материалдар 6 - сынып. Т. А. Алдамұратова.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
II. Үйге берілген есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.
III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:
• Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады?
• Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірлері қалай табылады?
• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешудің қандай алгоритмі бар?
IV. Теңіз жауынгері ойыны. сыныпты екі топқа бөлеміз: қыздар және ұлдар болып. Ұтқан топ «теңдеу шешудің нағыз білгірі» атанады.
Ойынның шарты: әр топ кезекпен сұрақтарды атады, оқ тимегенде қоныраудың үні шығып, кезек келесі топқа өтеді, егер мылтықтың дауысы шықса, онда топқа сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие болады және сұраққа жауап беріп бір ұпай алуға мүмкіндік туады. Ары қарай дұрыс жауап берген топ ойынды жалғастырады. Дұрыс жауабы батырманы басқанда шығады.
Сұрақтарды толық ашпауға болады, ол үшін алдын ала әр топтың қанша оқ ататындығы келісіп алу керек. Егер уақыт жетпей жатса ойынды тоқтатуға болады.
Теңдеуді көрсет:
1) 35 – 4(6 – 3) = 23 2) 35 – 4(6 – х)
3) 35 – 4(х – 3) = 23 4) 35 – 4(6 – 3)
Қай сан – 3х = 48 теңдеуінің түбірі болып табылады?
1) 16 2) – 16 3) 4)
– 2 саны қай теңдеуге түбір болады?
1) 3х – 4 = 12 2) х + 5 = 7 3) 5х + 2 = 8 4) 6 – х = 8
Ұқсас мүшелерді біріктір: 2а + 7а + 4а – 11а
1) 2а + 2 2) 2 3) 2а 4) 4а
Мына теңдеулер мәндер теңдеулер бола ма:
- 3(х - 5) = 11 и 3(х - 5) = - 11?
Мәндес теңдеулер бола ма:
2х – 1 = 17 и 2х = 17 - 1?
Ұқсас мүшелерді біріктір: 13х – 4 – 4х + 2
1) 9х - 6 2) 9х - 2 3) 17х + 2 4) 7х
Жақшаны аш: 5а + (4b – c)
1) 5a – 4b + c 2) 5a + 4b – c 3) 5a – 4b – c 4) 5a + 4b + c
1 саны қай теңдеудің түбірі болып табылады?
1) 3х – 4 = 12 2) х + 5 = 7 3) 6х + 2 = 8 4) 6 – х = 8
жақшаны ашыңдар: 2а – (3b – c)
1) 2a – 3b + c 2) 2a – 3b – c 3) 2a + 3b + c 4) 2a + 3b – c
Мына теңдеулер мәндер теңдеулер бола ма:
6х – 1 = 11 и 6х = 11 + 1?
0, 3х = - 4 теңдеуін бүтін коэффициентті мәндес теңдеулерге келтір
4(х – 5) = 20 теңдеуінің түбірі 5саны болып табылады ма?
Қай сан мына теңдеуге түбір болады? 4(х – 5) = - 4?
1) 0 2) - 1 3) 5 4) 4
Біздің почтамызға аяқ астынан хат жолдапты, ашып көрейік.
Құрметті немерем!
Сені қатты сағындым, қонаққа барғым келеді. Бірақ сенің көмегің қажет. Менің ауылым теміржол станциясынан 20 км қашықтықта. Поезд станциядан сағат 11 - де жүреді. Мен, қазір жас болмасам да, 5 км/сағ жылдамдықпен жүремін. Маған поездқа үлгеру үшін қай уақытта үйден шығу керек? Немерем маған айтып жіберші, өтінемін, тезірек сені көргім келеді, ал сенің көмегіңсіз болмайды поездтен кешігіп қалудан қорқам.
Сенің атаң.
Ендеше атамызға көмектесеміз бе?

V. Сынып жұмысында: №851, №867, №878 есептерін шығару.
VI. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.
1) Үйге №868, №869
2) Өзіндік бағалау. Сабақты қорытындылау.



Пікірлер саны (3)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Жумамуратова Макпал
    Жумамуратова Макпал 9 қаңтар 2015 21:27
    сәлеметсизбе маган каучинг сабак керек еди математикадан Бір айнымалысы бар сызықтық тендеу такырыбына
  2. Абубакирова Эльмира
    Абубакирова Эльмира 20 қаңтар 2017 05:16
    Cәлем ! Калайсыздар? Таңбалар тақырыбына карточкалар дайындап едим 20 есептен 4 нұсқадан 5-6 нұсқа. Оның ішінде жақша ашу, косу,алу, көбеиту амалдары бар. Бугин тендеулер такырыбына дайындадым 10 есептен 4 нұсқа сиздерге калай жиберуге болады
    1. саламатсызба маған жібере аласызба
      саламатсызба маған жібере аласызба 87028538206