Қазақша
математиктер сайты

«Пәндер эстафетасы»

«Пәндер эстафетасы»
Ашық сабақтар
20:43, 20 ақпан 2013
4 088
0

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Қабанбай ауылы, Б.Майлин орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Юсбекова Анар Пазылбекқызы

Политехникалық кештің тақырыбы: «Пәндер эстафетасы»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Политехникалық пәндер бойынша алған білімдерін
қалыптастыру, білім-біліктерін тексеру, бағалау.
Дамытушылық:
Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамыту, әртүрлі есептер шығару арқылы ой-өрістерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:
Сабақ барысында ойын арқылы оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жігерін арттыру, намысын қорғауға баулу.

Сабақтың типі: Интеллектуалдық ойын.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, слайд, таратпа материалдар, нақыл сөздер.

Жоспары:

1.Таныстыру. Математиктер, физиктер, георафтар, химиктер, биологтар, информатиктер.
2.«Ғылымның шығуы». Реферат. Слайд-шоу.
3.«Сен маған, мен саған» сұрақ-жауап.
4.Қызықты көріністер.
5.Музыкалық номер. Ән-шашу.

Барысы. 1. Ұйымдастыру.
2. Топтарды ортаға шақыру.
3. Әділқазы алқасымен таныстыру.
4. Сайыс жоспарымен таныстыру.
5. Сайысты жүргізу.

1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.

2-жүргізуші: Сәлеметсіздер оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін естіп тұрып
Оқығанын миға тоқушылар.
1-жүргізуші
Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін политехникалық пәндерінің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.

Ортада математиктер тобы, физиктер тобы, химиктер тобы, информатиктер тобы, биологтар тобы, географтар тобы.

1)Сайысымыздың І шарты бойынша таныстыру.

2) Бұл адамдар ардақтаған халықты
Әр салада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
Ендігі сайысымыздың екінші шарты бойынша слайд арқылы «Ғылымның дамуы» тақырыбында реферат қорғау.


Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп бүгінгі «Политехникалық пәндер эстафетасы» атты білім сайысының келесі шарты «Мен саған, сен маған» атты сұрақ-жауап бөліміне кезек берейік. Әр топ өздері даярлап әкелген сұрақтарын басқа топтарға беруге рұқсат.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын.
Әр топ сұрақтарға жауап іздегенше көрермендерге «Ойлан тап» ойыны ойнатылады.
1-топқа үш оқушы шақырылады. Сұрақтар: /М,Б,Е әріптері /
1) Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің» - деген пікірге не айтасыз?
2) Физиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет?
3) Интернет желісіне қалай қосыласың?
4) Сенің жақын құрбыңның әжесінің жасы нешеде?
5) Дүкенге барған неше теңгеге сауда жасайсың?
2-топ /Т,Ж,К әріптері/
1) Геометриялық фигураны ата.
2) Компьютерде жұмыс жасай аласың ба?
3) Ең үлкен биік шың?
4) Басыңда неше ми бар?
5) Химия миыңа кіре ме?
3-топ. /Н,А,С/
1) Аспаннан қанша жұлдыз көріп тұрсың?
2) Математика пәні қызықты ма?
3) Адам қайдан пайда болды?
4) Менделеев кім?
5) Принтер не үшін қажет?

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау. –деп бүгінгі сайысымыздың қорытындысын жариялау үшін әділқазы алқасына сөз береміз.

1.Бір кемпір:
«Сапырып - сапырып Сарманға бер,
Құйып - құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те,маған бер.»- деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік,» - деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде неше адам,неше ұры?
Жауабы:10 адам,5 ұры

2.Түйе ,бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
Жауабы:17 ( ішіндегі сандарын санаймыз.)



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*