Қазақша
математиктер сайты

Ондық бөлшектерді қайталауға есептер шығару

Ондық бөлшектерді қайталауға есептер шығару
Ашық сабақтар
19:29, 21 ақпан 2013
5 530
1

Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы, Қабанбай ауылы.
Б.Майлин атындағы орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі:
Юсбекова Анар Пазылбекқызы

Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді қайталауға есептер шығару.
Сабақ мақсаты.
• Ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу алгоритмін айта білуге үйрету және оны есеп шығаруда пайдалана білуге дағдыландыру;
• Ондық бөлшектерге есептер шығаруда тиімді есептеу үшін қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдалана білуге дағдыландыру.
• Ондық бөлшектерді дұрыс оқуға үйрету.
Сабақ түрі. Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы.
Әдісі. «Математикалық футбол» ойыны.
Көрнекілігі: таратпа материалдар - доптар, слайдтар, футбол ойыны.
Қажетті құралдар: интерактивті тақта
Сабақтың құрылымы: Сабақ төрт деңгейлік бөлімнен тұрады.
1. Оқушылық деңгей. ( үй жұмысын тексеру, ауызша сұрақтар)
2. Алгоритмдік деңгей. (алгоритмдік есеп)
3. Эвристикалық деңгей. (Математикалық лото)
4. Шығармашылық деңгей. (Есеп шығару)
5. Қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру.

Жүрісі. І.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, сабаққа ынтасын аудару.
Сыныпты екі футбол командасына бөлу. «Ертіс» және «Қайрат» командалары.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №1011.
ІІІ. Негізгі бөлім. І саты. Сұрақтар.
1. Ондық бөлшек дегеніміз не?
2. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?
3. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
4. Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз?
5. Ондық бөлшектерді қалай бөлеміз?
6. Қағазға жазылған ондық бөлшектерді оқыту.
7. Қазақстанның қандай футбол командаларын білесіңдер? Әйгілі футболистерді білесіңдер ме?
ІІ саты. Алгоритмдік саты.
Таратпа материалда жазылған есептерді орындау. Екі топқа екі алгоритмді жіберу, соңғы оқушы жауабын айтады.

1) 2,5+0,7=…-2.3=…*0.12=… :3 =…+14.01=… -2.521=
3.2 0.9 0,108 0,036 14.046 11.525
2) 6.5+0.3=…-3.13=.. *0.2=… :0,5=…+13.01=… - 4.024=
6.8 3.67 0,734 1.468 14.478 10.454



ІІІ саты. Эвристикалық саты. Математикалық футбол ойыны. Қағаздағы есепті тақтаға шығару.
Ойынның шарты:
1. Сыныпты екі командаға бөлу.
2. Интерактивті тақтадан алдын ала жасалған футбол алаңын шығару. Алаңда ойыншылардың суреттерінің жанында таратпа материалдардағы есептердің жауабы жазылады.
3. Әр командадан бір оқушыдан шығарып, қолдарына таратпа материал (карточкалар) беру. Әрбір қағазда 4 есеп жазылады, ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу. Бір оқушы тақтаға есеп шығарып, жауабын футбол алаңынан тауып, келесі жауапқа қаламмен сызады. Бірінші жауап алаң ортасында болады. Ең соңғы дұрыс жауап қарсылас команданың қақпасының жанында болады. Соңына бірінші жеткен команда екінші командаға гол теуіп, жеңіске жетеді. Оқушылар екі топтан кезекпен тақтаға шығып отырады. Отырған оқушылар әр команда өз есебін орындарынан орындайды.
Ойын есебі есеп тақтасына жазылады.
Есептер:

1. 60,3 + 5,4= 65,7 10,9 - 3,6= 7,3 15,5 * 1,2=18,6 3,2 : 0,25=12,8
2. 0,605+ 1,3=1,905 1,23 - 0,6=0,63 60,5 * 0,2=12,1 0,036:0,09=0,4
3. 2,6 + 5,31 =7,91 8,96 -3,6 = 5,36 21,3*0,5 = 10,65 5,85 :3,25 =1,8
4. 8,6 + 0,3 =8,9 1,8 - 0,6 =1,2 1,3 * 0,25 = 0,325 8,5 : 0,5 =17
5. 3,5 + 2,3= 5,8 4,3 - 2,6= 1,7 9,53 * 0,1= 95,3 0,45 : 0,3=1,5
6. 7,5 + 3,3= 10,8 9,3 - 4,6=4,7 9,5 * 0,12=1,14 4,5 : 0,3=15
7. 17,5+ 13,3= 30,8 69,3 - 14,6=54,7 2,7 * 4,3= 11,61 2,66 : 3,8=0,7
8. 2,82 + 2,2 =5,02 17,5 - 5,9 =11,6 0,25* 3,6 =0,9 1,23 :0,41 =3
9. 9,9 + 25,3= 35,2 4,92 - 4,6=0,32 9,75 * 0,2= 1,95 9,9 : 4,5=2,2
10. 1,92+81,3 =83,22 13,3 - 0,3 =13 0,24* 0,5 =0,12 8,96 :0,16 =56
11. 13,8 + 5,3= 19,1 9,75 - 2,55=7,2 26 * 0,12=3,12 25,25:0,25=101
12. 8,6 + 0,3 =8,9 1,8 - 0,6 =1,2 1,3 * 0,25 = 0,325 8,5 : 0,5 =17



ІҮ. Шығармашылық деңгей.
«Қазақстан футболистері» және «Әлемге әйгілі футболистер» тақырыбындағы екі топтың рефераттарын оқу.
Сабақты қорытындылау.
Қорытындылау. Жеңген команданы марапаттау, бағалау.
Үйге: 1175 есеп, 292-бет.



Пікірлер саны (1)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Жадыра
    Жадыра 6 сәуір 2017 18:40
    Өте жақсы құрылған сабақ

    Рахмет! Еңбегіңізге жеміс тілеймін.