Қазақша
математиктер сайты

Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту.

Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту.
Ашық сабақтар
20:16, 25 ақпан 2013
22 806
3

Ақтөбе қаласы № 40 жалпы білім беретін мектеп. Математика пәнінің мұғалімі Тлеуова Дания Алтоновна.
Автордың “XXI ғасыр -таланттылар ғасыры” атты қызықты презентацияясын көшіріп алыңыз.
Жаңа технология арқылы өткізілген 5 кластағы математика сабағы
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту.
Сабақтың мақсаты: жай бөлшектің негізгі қасиетін меңгерту
Сабақтың міндеттері:
1) жай бөлшектің қасиетін меңгереді;
2) жай бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей санға көбейтуді, бөлуді және қысқартуды біледі;
3) өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Қызығушылығын ояту;
3. Мағынаны ашу;
4. Толғаныс.

1. тренинг. Оқушылар үш шеңбер сызады және осы үш шеңберге үш нүктені белгілейді. Бұл нүктелер шеңбер бойында, шеңбердің ішкі бөлігінде немесе шеңберден тысқары орналасуы мүмкін.
2. Қызығушылық ояту; Көрнекілік стратегиясы арқылы.

а) ә)

Тапсырма: Суреттерге қарап, ойыңды жаз.

3. Мағынаны ашу.
1) Мына бөлшектердің алымы мен бөлімін 2-ге көбейт:

;

2) алымы мен бөлімін 3-ке бөл:
3) мына теңдіктер неліктен тура екендігін талдаймыз:

Осы мысалдардан не байқадық, жай бөлшектердің негізгі қасиеті қандай екен ережесін қорытайық: Егер бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей натурал санға көбейтсек немесе бөлсек, онда бөлшектің шамасы өзгермейді. Бөлшектің осы қасиетін бөлшектің негізгі қасиеті деп атаймыз. Мысалы,

Осы ережені алғашқы суреттерге қарап жазған ойымызбен салыстырайық. Кімнің ойы ережемен сәйкес келеді екен? Бөлшектің алымын да, бөлімін де 1-ден өзгеше ортақ бөлгішіне бөлуді бөлшектерді қысқарту деп атайды.

Мысалы, ЕҮОБ(12;60) =12;

4. толғаныс. Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей.

1) Бөлшектерді 2-ге қысқарт. Оқулықпен жұмыс. № 443 1);

2) бөлшектерді 5-ке қысқарт. № 443 2);

3) мына бөлшекке тең болатын үш бөлшек жаз:

4) мына бөлшектер тең бе? № 442

2-деңгей.

1) бөлшектерді қандай бүтін санмен алмастыруға болады?

2) теңдік тура болатындай санды тап:

3-деңгей.

1) Бөлшектің алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатындай үш бөлшек жаз:

2) Бөлшектерді алымы мен бөлімін жіктеу арқылы қысқарт: оқулықтағы № 440 есеп.

4-деңгей.

1) Бөлшекті алдымен 2-ге, содан кейін 4-ке соңынан 5-ке қысқартқанда, бөлшегі шықты. Алғашқы бөлшекті тап?

2) Математикалық ертегі. Арифметика атамыз кішкентай «Бірлік» атты немересінен көз жазып қалып, іздеп орманға жолға шығыпты. Келе жатса, атаның алдынан бір топ балалар шықты. Олар: Кім, атаның немересін табуға көмектесер екен.

Қорытынды: бағалау, үйге тапсырма.

Тренигтің қорытындысы: нүктесі шеңбердің ішкі бөлігінде болса, ол оқушының көңіл-күйі жақсы, өз ортасына бейімделген. Нүктесін шеңбер бойында орналастырған оқушының көңіл-күйі орташа, өз ортасына толық бейімделмеген. Нүктесін шеңберден тысқары орналастырған оқушының көңіл-күйі нашар, өз ортасынан алшақ. Нүктелерің өз шеңберлеріңде орналассын -деп, сабақты аяқтаймын.



Пікірлер саны (3)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Назерке
    Назерке 28 қараша 2014 00:50
    Өте кремет, маған ұнады.
  2. ҰЛЖАН
    ҰЛЖАН 23 ақпан 2015 11:28
    есептердің жауабын қалай табуға болады
  3. майра
    майра 19 қараша 2016 08:46
    Маған ұнады, жақында оыс тақырыпта ашық сабақ өтетін едім