Қазақша
математиктер сайты

Математика. Таңбалары әр түрлі екі санды қосу.

Математика. Таңбалары әр түрлі екі санды қосу.
Ашық сабақтар
20:21, 25 ақпан 2013
7 483
1

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа орта мектебі Ахметова Алтынай Бекболқызы.
Сабақ тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік. Тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынына арналған формулаларын қорытып шығару. Формулаларды тригонометриялық өрнектердің тепе-тең түрлендіру негізінде қолдануы.
ә)Дамытушылық. Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойларын нақты жеткізе білуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
б)Тәрбиелік. Жеке жұмыс жасауға,жауапкершілікті сезіне білуге,нәтижеге жетуге ұмтылуға,ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, есептер шығару, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, формулалар
Пәнаралық байланыс: геометрия, тарих, математика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру
ІІ. «Ой қозғау».Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. «Білім ордасына саяхат»
ІV. «Математикалық мейрамхана»
V. «Семанитикалық кесте»
VІ. Қорытындылау
VІІ. Үйге тапсырма
VІІІ . Бағалау.

І.Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың сабаққа қатысымы мен құралдарын түгендеу
ә )сабақта психологиялық әдіс қолдану

ІІ. «Ой қозғау».Өткен тақырыптар бойынша материалдардан еске түсуру
Сабақтың бастамасын мынадай өлең жолдарымен бастаймын:
«Сен ғылымға болсаң ынтық,
Бұл сезімді әбден ұқ.
Білгенінің жақсысын қыл» Ш.Құдайбердиев
№292 №293
а)sin60º > tg(45º) а) sin60º – cos60º=√3-1/2
ә) cos60º > cos(-60º)*ctg30 ә) 2tg45º – sin45º=4-√2/2
б)sin30º cos(-30º)

«Жасырын сөзді тап?»

1 2> 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Т Р И Г О Н О М Е Т И Я




1. сos60º мәні неге тең?
2. tg(-α)формуласы қандай функция?
3. І ширектегі бұрыштың градустық өлшемі нешеге тең?
4. sin(-α)қандай функция?
5. сosα функциясы І ширекте қандай мәнді қабылдайды?
6. ctg П/4 мәні қандй?
7. y=sinα жәнеу=cosα функцияларының анықталу облысы мен мәндер жииыны?

8. 1º неше радианға тең?
9.ІV ширекте y=tgα қандай мәнді қабылдайды?
10. Периодты функциялардың мәндер аралығы?
11. 1 рад неше градусқа тең?
12. ІІІ ширекте α бұрышы нешеге тең?
13. ctg(3П/4) функциясының мәні?

ІІІ. «Білім ордасына саяхат»

“Тригонометрия” сөзі грек тілінен аударғанда “Үшбұрыштарды шешу” ұғымды білдіреді.Тригонометрия ғылыми терминін адамдар бұрынғы кезде практикалық әрекеттерге қолданылған емес.Мысалға алсақ: суда жүзу,жер өлшеу,архитектура талаптарына қандай да бір элементтер арқылы есептеу әдістеріне қолдаған екен. Географиялық карталарды жер қыртыстарын өлшеуде қолданған.Ең алғаш рет Ежелгі грек ғалымы белгілі Клавдий Птоломей «Альмагест»атты еңбегінде «Хорда тригонометриясы»атты еңбегін ойлап тапқан.Санды шеңберде кез келген бұрыштың тригонометриялық функциясымен таныстыңдар және sinα, cosα, tgα, ctgα мәндері радиустың ұзындығына тәуелді бола алмайды.Сондықтанда тригонометриялық функцияларда қарастырған кезде радиусы 1-ге тең шеңберді алу жеткілікті.Мысалы жылжымалы ОВ радиусының соңғы нүктесіндегі синус функциясы тек ордината у-пен,ал В нүктесіндегі косинустың мәні абсцисса х-пен анықталатын болады.ОВС тікбұрышты үшбұрышын қарастырайық..Сонда Пифагор теоремасы бойынша ОВ=ОС²+ВС²,мұндағы ОВ= 1,ОС=х,ВС=у немесе ОС=х= sinα,ВС=у= cosα .

sin²α + cos²α =1, (1)

Бұл теңдікті α-ның кез келген мәнінде дұрыс,яғни тепе-теңдік болып табылады.Анықтама tgα =у/х,ал мұндағы у= sinα,х = cosα болғандықтан

tg²α = sinα / cosα, (2)
ctg²α = cosα / sin>α, (3)
tgα * ctgα = 1, (4)
tg²α + 1 = 1/cosα, (5)
1 + ctg²α=1 / sinα, (6)

(1)-(6) теңдіктері бір ғана аргументке байланысты негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер деп аталады. Пифагор теоремасы бойынша c²=a²+b² орынына қоямыз.



Пікірлер саны (1)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Гулшара Бақытжанова
    Гулшара Бақытжанова 12 желтоқсан 2014 21:26
    Рахмет! Сіздерден көп көмек алуға болады екен. Шығармашылық тілеймін!