Кіру
Качественные бесплатные шаблоны dle скачать с сайта
» » Ең үлкен ортақ бөлгіш (бекіту сабағы)

Ең үлкен ортақ бөлгіш (бекіту сабағы)

Авторы: ergali85
БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы
Қ.И.Сатбаев атындағы ЖОББМ
математика пәнінің мұғалімі
Ерғали Жансұлу Табылдықыз
Сабақтың тақырыбы: ЕҮОБ (ең үлкен ортақ бөлгіш)
Сабақтың түрі: өткен материалды бекіту.


Сабақтың мақсаты:
• ЕҮОБ жай көбейткіштерге жіктеу арқылы табу дағдыларын қалыптастыру, есептерді ЕҮОБ арқылы шешуді үйрету.
• Өз бетімен тапсырманы дұрыс орындалуын тексере білуді дамыту.
• Математикалық мәдениеттерін көтеру.
• Математикаға деген қызығушылықты ояту.
• Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Көрнекіліктер: компьютер, интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсізбе, оқушылар! Сабаққа дайындықтарынды тексеріңіз: күнделік, оқулық, дәптер, қалам.
II. Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
- Өткен сабақта біз немен айналыстық? (ЕҮОБ табуды үйрендік). Бүгін біз осы ЕҮОБпен жұмыстанамыз. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ең үлкен ортақ бөлгіш».бұл сабақта біз бірнеше сандардың ЕҮОБ табуды үйренеміз және ЕҮОБ табу туралы білімдерімізді қолданып есептер шығарамыз.
- Дәптерімізді ашып , бүгінгі күннің жарын , сынып жұмысы және сабақтың тақырыбы «Ең үлкен ортақ бөлгіш» жазып аламыз
III. Ауызша жұмыс
- сонымен сабақты бастамас бұрын миымыздың сұр клеткаларын пайдаланып, мына сөйлемдердің дұрыстығын тексерейік. Өз жауабын түсіндіру керек. (слайд 2)
- Жай санның екі бөлгіші болады. (дұрыс, сол санның өзі және 1 саны)
- құрама сандардың тек бір ғана бөлгіші болады. (Дұрыс емес, себебі құрама сандар екіден көп бөлгіштері болады)
- ең кіші екі таңбалы жайсан -11 (Дұрыс, 10 саны құрама)
- ең үлкен екі таңбалы құрама сан-99. (дұрыс, ол 1, 3, 99сандарына бөлінеді.
- Кейбір құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей алмайсын. (Дұрыс емес, кез келген құрама сандарды жай бөлшектерге жіктеледі.
- 96 саны– жай. (жоқ, ол 1, 3, 96сандарына бөлінеді – 3 бөлгіш– құрама сан)
- 8 және 10сандары өзара жай сандар. (жоқ, ортақ бөлгіші бар- 2)
IV. Тапсырмаларды орындау.
- Жай көбейткіштерге жіктелуінің дұрыстығын тексеріңіз. (жоқ, 10саны құрама, ал біз жай көбейткіштерге жіктеп жатырмыз. 10 санын 2 және 5 сандарының көбейтіндісі түрінде жаза аламыз). (Слайд 3)
- Қатені табыңыз. (9 саны құрама). ЕҮОБ қалай табамыз? (Слайд 4)
- Қайсысы дұрыс емес? (28 және 21 сандарының ортақ бөлгіші - 7). (Слайд 5)
72, 54 және 36сандырының ЕҮОБ табыңыз.. (Слайд 6)

ЕҮОБ (72, 54, 36) = 2*3*3 = 18
Жауабы: 18
64 және 81 сандары өзара жай сандар бола ма?

ЕҮОБ (64, 81) = 1
Жауабы: 64 және 81 өзара жай сандар
V. Есептерді шығару.
- Есепті шығарыңыз. (тақтада және дәптерлерге орындаймыз)
Бірінші сынып оқушыларына 270 фломастер мен 675 карандаш сатып алды. Ішінде саны бірдей фломастер мен карандаш болатын қанша ең көп дегенде сыйлық дайындауға болады? Әр сыйлықта қанша фломастар мен карандаш боладыекен? (Слайд 7)
Фломастер – 270., ? шт. 1сыйлықта.
Карандаш – 675., ? шт. в 1 сыйлықта.
Барлық сыйлық - ? шт.
Шешуі.

1) 3•3•3•5=135 (с.) – дайындайды
2) 270:135=2 (ф.) – 1 сыйлықта
3) 675:135=5 (к.) – 1 сыйлықта
жауабы: 135 сыйлық, 2 фломастер, 5 карандаш.
VI.сергіту сәті.
- Түзу отырыңыз. Қолдарымызды артқы жаққа қоямыз. Басымызды бұрмай терезеге , стендке, жоғары, партаға тақтаға қараймыз.көзімізді жауып, көк аспанды елестетеміз. Көзімізді ашамыз. Қолдарымызды парта үстіне қоямыз. Әрі қарай жалғастырамыз...
- Келесі тапсырма.
Депода бірдей вагондардан2 поез құралды.біріншісі-456 жолаушыға, ал екіншісі-494 жолаушыға. Әр поезда қанша вагоннан бар ,егер воагондардың барлығының саны 30 дан аспайтыны белгілі болса? (Слайд 8)
1 поезд – 456 жол ? ваг.
2 поезд – 494 жол., ? ваг.
Вагон барлығы < 30.
Шешуі

1) 19•2=38 (м.) – әр вагонда
2) 456:38=12 (в.) – в 1 поезда
3) 494:38=13 (в.) – во 2 поезда
тексеру: 12+13=25 (в.)
25<30
жауабы: 12 вагон, 13 вагон.
VII. өзіндік жұмыс.
- Сәттілік тілеймін! (Слайд 9)
- Дәптерлерімізді тапсырамыз. Қазір біз тапсырмаларджың дұрыстығын тексереміз. (Слайд 10)
VIII. үй тапсырмасы
- (Слайд 11)
IX. Қорытындылау.
- бүгін біз қандай мақсат қойдық? (есептерді ЕҮОБ табу арқылы шешуді үйрену).
- Қандай сандарды өзара жай сандар деп атаймыз?
- ЕҮОБ қалай табамыз?
Бағалау
Жүктеу:
Қарау саны: 8 922     
Құрметті сайтқа келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы сияқты кірдініз, біз сізге тіркелуге немесе өз атынан кіруге ұсынамыз.

Пікірлер
(2)



сабақ керек болып тұр. Слайд пен разработка

рахмет.Сабаққа байланысты слайдты көруге бола
Пікірді қосу
Сіздің атының: *
Е-mail: *
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Код: Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодті еңгізініз: