Қазақша
математиктер сайты

Математикадан қазақ тіліндегі оn-line оқу құралының мүмкіндіктері

Математикадан  қазақ тіліндегі оn-line оқу құралының мүмкіндіктері
Ашық сабақтар
00:28, 21 маусын 2016
3 006
0

Математикадан қазақ тіліндегі on-line оқу құралының мүмкіндіктері


Кожагельдинова ГН


Аннотация: Мақалада оқушылар мен мұғалімдерге арналған заманауи оп-lіпе оқу құралын құрастырудың өзекті мәселелері туралы баяндалады.

Математика пәнінен оп-lіпе оқу құралының маңыздылығы- оның қазақ тіліндегі ресурстарды көбейту, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Жаһандану қанат жайып жаңа технологиялардың кең өріс алуына байланысты әлемде ұлт мәдениетін сақтап қалу, оны тарату, қалың көпшілікке жеткізу өзекті мәселеге айналып отыр. Сол себепті, осы мәселеге байланысты онлайн құрал құрастыру арқылы математика сабақтарында АКТ-ны қолдануды насихаттау, ұстаздар арасында ақпараттық сауатсыздықты жою, мұғалімдердің арасында желілік қоғамдастық жұмысын жүргізу мақсатында осы жоба ашылды.


Қазіргі заманауи технологиясының даму белесі шарықтау шегіне жеткендігі сондай, адам өміріндегі барлық жақтарын бүкіләлемдік Іпtеrпеt беттерінен табуға болады, интернетсіз уақытты тіпті елестету мүмкін емес. Қазіргі замандағы білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселенің бірі - оқу үрдісінде оқушыларды біліммен ғана қаруландырылмай, жеке дара оқытуды қолдана отырып, өз бетімен білім алып, сыни тұрғыдан ойлайтын функционалдық сауаттылығы, оның ішінде ақпараттық , яғни өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білетін, топта жұмыс жасай алатын, ІT- құзыреттілік пен көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленетін құзыретті тұлға дайындау. 2011-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгендей, функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.


Қазақстандағы білім жаңа белеске аяқ басуда. Мектептегі енгізілген жаңа әдіс тәсілдер аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктері де дамуда. Жаңа ақпараттық технологияны кеңінен қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын , еркін дамуына қол жеткізуге болады. Осы ретте біздің құрастырған онлайн құралымыз осы мақсаттарға қол жеткізуге бірден бір жол десек болады.
Жоба ашудың өзектілігі: Біріншіден, басты проблема – Қазақстандағы тұрғындардың компьютерлік сауаттылығының төмендігі, ақпараттық сауатсыздықтың түбі ақпараттық сауатсыздыққа апарып соқтырады, екіншіден- қазақ тілді сайттардың аздығы, контенттердің аздығы, сайттағы барлық материалдардың сатылатындығы.


Жаһандану қанат жайып жаңа технологиялардың кең өріс алуына байланысты әлемде ұлт мәдениетін сақтап қалу, оны тарату, қалың көпшілікке жеткізу өзекті мәселеге айналып отыр. 21-ғасырда, ақпарат ғасырында ұлттық құндылықтарды насихаттаудың жаңа модельдері әдіс-тәсілдері пайда болды. Осындай еркшеліктерді әлем мемлекеттері тиімді жүзеге асырып отырғаны белгілі. Олар интернет ғасырында жаңа технологияларды тарату шараларын қамтамасыз ету жолдарын қарастыру үстінде. Әрине, бұл бастамаларды тәуелсіздігін енді ғана алған мемлекетімізде мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызы зор. АКТ оқытушылардың еңбегін жеңілдететіп қана қоймай, көптеген дайын материалдарды , сабақтарын, бақылау жұмысының базасын, реттеп, жүйелі түрде сақтап қоюға мүмкіндік береді. Біздің онлайн құралдағы қонақ кітапшасына кірген қонақ өз тілектерін, наразылықтарын не болмаса деректерді салуына мүмкіндік алады. Хат жібергеннен кейін міндетті түрде жауап жазылады.


Мұғалімдер үшін бұл құрал-тәжірибемен алмасу, барлық қалалардағы әріптестермен қарым қатынас құру , Қазақстан мен шетел мамандарымен білім бағдарламаларымен алмасуға қатысу алаңы деуге болады. Бұл құрал әсіресе оқушылар мен жас мамандарға өте қажет дүние. Бұл жерден сабақ жоспарларын,ғ бағдарламаларды, бейнефильмдерді, қосымша материалдарды табуға болады. Бұл материалдарды реферат жазғанда, ОЖСБ- ға дайындықта қолдануға болады. Сондықтан да, республикадағы аталған мақсатқа бағытталған шараларды жүзеге асыру, ақпараттармен қамтамасыз ету, үгіт-насихат жүргізу ел саясаты үшін аса қажетті қадамдар болып табылмақ.
Оқушылар үшін бұл құрал- әрине ақпараттық ресурс, әртүрлі қосымша материалдар алаңы. Басқа білім ұяларының әдістемесімен таныса отырып, өзара салыстыруға болады.


Онлайн құралының негізгі сипаттамасына келесі жатады:


- Онлайн құралының мазмұны – білім жаңалықтардың негізгі элементтерін біріктіретін wеb-сайт түрінде келтіріледі. Мұғалімдер ағартушылық бағыттағы, әсіресе қазақ тіліндегі сайттарға жиі жүгінеді, себебі мұғалімнің уақыты аз, керек нәрсесін интернет беттерінен іздейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халықтар Ассамблеясында сөйлеген сөзінде қазақ тілін дамытуда жаңа жобалар жасақтаңыздар деген еді. Сондықтан аталған сайт қазақ тілінің де қолдану аясын кеңейтуге зор үлес қосар еді.
Мен сайтты құру үшін СMS Dаtаlіfе Епgіпе 10.1. қолдандым. Қажет бағдарламалық қамтамасыз ету: Сhrоmе, Mоzіllа, Оpеrа және басқа браузерлер. Сайт дизайны дербес.


Онлайн құралының негізгі сипаттамасына келесі жатады:
- Онлайн құралының мазмұны – білім жаңалықтардың негізгі элементтерін біріктіретін wеb-сайт түрінде келтіріледі.


Сайтта келесі мазмұнда сауалнамалар жарияланған.
1- сауалнама:
Біздің сайтты қайдан таптыныз?
Gооglе - 362 (61,46%) 61,46%
Уапdех - 123 (20,88%)20,88%
Достарым айтты - 15 (2,55%)2,55%
Рекламадан көрдім - 7 (1,19%)1,19%
Mаіl.ru, VK, Fасеbооk және т.б. - 53 (9%)9%
Басқа жерден - 29 (4,92%)4,92%
Сауалнамадан көргендей 61% Gооglе-ден іздеп табады.


Сізге қандай әдістемелік көмек қажет деп ойлайсыз?
1. Математика туралы реферат - 334 (23,81%)23,81%
2. ҰБТ дайындық тестері қажет - 391 (27,87%)27,87%
3. Сабақ жоспарлары қажет - 421 (30,01%)30,01%
4. Күнтізбелік жоспар қажет - 190 (13,54%)13,54%
5. Өз пікіріңіз... - 67 (4,78%)4,78%


Білім беру үрдісінің сапасына бақылау жүргізу, оқу-тәрбие үрдісіндегі мәселелерге талдау жасауда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану тиімділігі жоғары. Осы бағытта оқушылар автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дəптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы жəне жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына е-mаіl немесе sms-хабарламалар, есептілік жəне т.б. жіберу) толтырады.


Қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:
• білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
• Онлайн құралды қолданушылармен кері байланысты дамыту үшін, әртүрлі формада әдістемелік оқу құралдарын, кеңестермен толықтыру.

Пайдаланылған әдебиеттер :
1. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдау
2. Әбдіманапов С. Білімді ел – бәсекеге қабілетті ел // Егемен Қазақстан. – 2005. – 25 қараша.
3. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.
4. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»
5. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы
7. Б.Б. Аккуланова «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру»
8. Н.Исабек «Компьютерлік технологиясы пайдаланудың оңтайлы өлшемдері
9. "Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси сайттар: бүгінгі күйі және даму үрдісі" зерттеу жобасы бойынша материалдар
10. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
11. 13. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана , 2012 жыл



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*