Қазақша
математиктер сайты

Қазақстан Респуликасындағы құқықтық реформа (Дипломдық жұмыс)

Қазақстан Респуликасындағы құқықтық реформа (Дипломдық жұмыс)
Дипломдық жұмыстар
20:13, 02 қазан 2012
2 824
0

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Конституциялық реформалардың алғышарттарын қоғамдық дамудың бүкіл объективтік барысы әзірлейді. Олардың уақтылы ескерілмей қалуы да мүмкін, мұндай жағдайда қажетті конституциялық реформалар кешеуілдеп жүргізіледі немесе мүлде жүргізілмей қалады. Мұның қоғамдық қозғалыстың жүрісін тежеуі даусыз.
Қазіргі таңда қоғам мен әрбір адамның шын мәніндегі басты құқықтық құралына айналған, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынуымен бүкілхалықтық қолдау тауып республикалық референдумда қабылданған еліміздің тарихи маңызы жоғары саяси-құқықтық құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясына 17 жыл толады.
1993 жылғы алғаш Конституция құқықтық мемлекет құруға ден қойған либералдық-демократиялық күштер мен Жоғарғы Кеңесте шоғырланып, мемлекет құрудың консервативтік “кеңестік” көзқарасын ұстанған күштер арасындағы келісім құжаты ретінде тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында қабылданды. Бұл билік органдары арасында екіұштылық, бытыраңқылық туындатты. Жоғары мемлекеттік билік органдарының басын біріктіретін буын болмады, тежемелік пен тепе-теңдік құрылмады. Ал бұл жағдай олардың арасындағы терең дағдарысқа әкеп соқтыруы заңдылық еді. Осындай аумалы-төкпелі жағдайда республика Президенті асқан сарабдалдық танытып, халыққа үндеу жолдап, еліміздің жаңа Конституциясының жобасын бүкілхалықтық талқылауға шығарды.

Конституцияда Президент институтының қызмет атқару тетіктері нақты тұжырымдалды. Конституцияның үстемдігі мен тікелей қолданылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құрылыстың негіздерін қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру мен іске асыруда басты рөл ел Президентіне тиесілі. Бұған Президенттің билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өзара іс-әрекетін қамтамасыз ететін мемлекеттік билік жүйесіндегі айрықша орны септігін тигізеді.
Сонымен бірге Конституцияның тиімді қызмет істеуінің терең тамыры халықтың онда білдірілген ерік-жігерінде жатыр, өйткені халықтың мұң-мұқтажы Ата Заңда шынайы көрініс тауып, бекітілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен болған барлық конституциялық өзгертулердің сәттілікпен әзірленуінің басты кепілі де осында жатыр. Бұл өзгертулерде жалпы адами құндылықтарға қалтқысыз ден қою, халықтың тілек-талаптарын тереңнен білу, асқан кәсібилік, құқықтық реттеу нысанын толық меңгеру, заңдылық және демократия мүдделерін қорғау көрініс тапты.

Файлды жүктеп алу:
azastan-Respulikasynday-yty-reforma.doc
(Жүктелген саны: 127)

Файлды онлайн қарап алу: azastan-Respulikasynday-yty-reforma.doc



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*