Қазақша
математиктер сайты

Эуженио Бельтрами

Эуженио Бельтрами
Фотоальбом
18:40, 17 маусын 2012
3 135
0

Эуженио Бельтрами (итал. Eugenio Beltrami; 1835 жылы қарашаның 16-інде Ломбарди – 1899 жылы 4 маусымда (тағы бір деректерде 1900 жылы 18 ақпан делінген) Римде қайтыс болған.) – Италия математигі.


1853~1856 жылдары аралығында Павиа университетінде математика оқыған. Кейіннен темір жол инженерінің хатшысы болған, Миланда жүрген кезінен бастап математиканы зерттей бастайды, 1862 жылы тұңғыш мақаласын жариялайды. 1862 жылы Бологна университетінде сабақ берген. 1864 жылы Пиза университетінің профессоры болады. 1866 жылы Бологна университетіне қайтып барып, теориялық механика профессоры болады. 1873~1876 жылдары аралығында Рим университетінің профессоры болады. Кейіннен Павиа университетіне қайтып математикалық физиканың профессоры болады. 1891 жылдан өмірінің соңына дейін қайтадан Рим университетінде жұмыс атқарған. 1898 жылы Италия ғылым академиясының академигі болып сайланады.Бельтрамидің зерттеу саласын үлкен жақтан екіге бөлуге болады. 1872 жылдан бұрын, қисық бет пен қисықтың дифференциялдық геометриясын зерттеген, соның ішіндегі ең әйгілісі 1866 жылғы жариялаған «Эвклидтік емес геометрияның түсіндірілуі туралы» еді. Онда бірінші Лобачевскии геометриясындағы модулы-жалған шар бетінің модулын көрсетіп берген еді. Кейіннен, тұрықты қисықтыққа ие қисық беттен жоғары өлшемді кеңістікке дейін кеңейтеді әрі жоғары өлшемді Эвклидтік геометрияны келтіріп шығады. Ол бірінші болып дифференциялдық геометрияда дифференциялдық өзгермейтін өрнек(инвариант өрнек) теориясын енгізген, бұл эвклидтік емес геометрия мен дифференциялдық геометрияның дамуына үлкен әсері болған. 1872жылдан кейін ,ол қолданбалы математиканы зерттеуге ден қойған. Мысалға, сұйықтық механикасы; толқын теориясы, кванттық теория т.б. осылардың ішіндегі ең маңыздысы ,математикалық талдау саласына, геометриялық әдісті енгізіп, соңғы кездегі математикалық – физиканың дамуына зор үлесін қосты. Оның негізгі еңбектері «Математикалық зерттеулер» (4-том,1902~1920) да сақталған.



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*