Қазақша
математиктер сайты

Архимед

Архимед
Фотоальбом
19:05, 17 маусын 2012
11 679
0

Гидростатика принципін ашқан Архимед шомылып жатқан жерінен тыр жалаңаш атып шығып, сол күйінде: «Эврика»-деп айқайлап, көне аралап жүгірмемен белгілі. Аса көрнекті грек математигі болған ол П санының 3 ондық бегісін, сфера бетінің көлемі мен ауданын есептеп шығарып, қару ойлап тапқан, тұтқалар мен блоктардың принципін түсіндірген. Ол: «Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын»,-деген. Архимед б.з.д. 287 жылы Сицилия аралында дүниеге келді. Әкесі оны жастайынан білім-ғылым жолына тәрбиелеп, көп оқытты. Александрияда жүрген кезде Архимед астроном ғалым Канонмен, астроном-математик Эратросфенмен танысып жолдас болып, өмірінің кейінгі күндері олармен ғылыми хат-хабар алмасып отырған. Сонымен қатар кітапқа ерекше еліткен ол жергілікті кітапханада отырып, Демокрит, Евдокс секілді ғалымдардың еңбегін зерттеп, зерделеді.


Архимед Сицилияға мықты математик болып оралса да, кейінгі зерттеулерін механика саласында жүргізді. Көпке белгілі иінтірек (рычаг) принципі, ауырлық центрі, Архимед заңы секілді теоремалар осы кісінің еңбегі. Ғалым ашқан жаңалығына масаттанып отырып: "Маған тіреу нүктесін тауып берсеңдер, жерді де көтере аламын", - деп айтқан деседі. Сонымен қатар, ғалымның талантты конструктор болғандығын да айтып өтелік. Сол кезеңдердегі механика ғылымының ең басты проблемасы статика мәселелері болды. Құрылыс, әскери техникалардың дамуы үшін осы тұрғыдағы кейбір сұрақтарды шешу керек болды. Осы қажеттіліктің арқасында жоғарыда атап өткен иінтірек, ауырлық центрі секілді ұғымдар пайда болды. Осылай адамзат баласы табиғаттан қулығын асыра алды. "Механе" ежелгі грек тілінен аударғанда дәл осы "қулық" деген сөзді білдіреді.


Ғалымның жасап шығарған әскери машиналары сол кезеңдерде римдіктерден қорғануға жақсы құрал болды. Тарихшылардың айтуынша, Архимед сондай бір шайқас кезінде қаза тапқан.



Пікірлер саны (0)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*