Кіру
Качественные бесплатные шаблоны dle скачать с сайта
» » Абель Нильс Хенрик - Норвегияның атақты математигі

Абель Нильс Хенрик - Норвегияның атақты математигі

Авторы: admin
Абель Нильс Хенрик  - Норвегияның атақты математигі
Абель Нильс Хенрик[/b] Абель Нильс Хенрик (Niels Henrik Abel, 1802-1829) - Норвегияның атақты математигі, осы заман алгебрасының дамуындағы көшбасшысы. 1802 ж. 5-тамыз күні Финнейде шала сопы-пастор сурен Георт Абелдің семьясында дүниеге келген, 1829 ж. 6-сәуір күні Фолуланда қайтыс болған. [өңдеу]Өмірбаяны 13 жасында Ослода діни мектепке түскен, математика мүғалімі Бернт Микель Хольмобое оның талантын байқап, оған жетекшілік еткен. Жас шағынан бастап Абель кейбір математикалық мәселелерге ой жүгірте бастайды. 1821 жылы бірнеше профессордың көмегімен Осло университетіне түседі. Ол университетте өздігінен оқыған, сонымен бірге көп уақытын зерттеуге жұмсаған. 1824 жылы, Абель 5-дәрежелі алгебралық теңдеудің шешуін әдеттегі түбір табу жолымен табуға болмайтынын дәлелдеу барысында, топтарға(Абел тобына) алмастыруға болады деген тұжырымды енгізеді. Мақаласы түсінікті болу үшін француз тілінде жарялайды және оны С.Ф.Гауссқа жіберіп береді. Бірақ шет ел математиктері ешқандай көмек көрсетпейді. 1825 жылы ол Берлинге барып, сол жерде А.Л.Креллемен (August Leopold Crelle 1780-1855) танысып дос болады.

Абель Нильс Хенрик-Норвегияның атақты математигі

Ол Крелленің атақты «Таза жане қолданбалы математика» журналының шығаруына көмектеседі. 1-томында (1826) Абелдің 7 мақаласы жарық көреді, оның ішінде 5-дәрежелі алгебралық теңдеудің шешуі әдеттегі түбір табу жолымен табуға болмайтындығының дәлелдеуі бар еді. Кейінгі сандарында да Абельдің көп мақаласы жаряланып тұрды. 1826 жылы Абель Парижге барып , А.-М.Лежаңдр (Legendre, A.-M, 1752-833) және А.Л.Коши (Augustin-Louis Cauchy) сынды ұлы математиктерге жолығады. Абель элиппстық интеграл туралы бір зерттеу мақаласын жазып оны Франция ғылым акедемиясына табыстайды. Алайда оған ешкім мән бермеген соң, ол амалсыздан Берлинге қайтып оралады. 1827 жылы ауырып Берлиннен Норвегияға қайтып барып, жеке мұғалім болып күн көреді. Қайтыс боларының алдында ғана басқалар оның зерттеулеріне назар аудара бастайды. 1828 жылы Франция ғылым акедемиясының 4 акедемигі Норвегия патшасына хат жолдап , Абельдің ғылыммен айналысуына шарт-жағдай жасауын өтінеді. А.-М.Лержандр ғылым акедемиясының жиналысында Абельдың идеяларын қолдайды. Келесі жылы 6-сәуір күні, 27 жасында Абель қайтыс болады. Берлин университетінің оны оқытушылыққа алғаны туралы хаты қайтыс болған күнінің ертесі жетеді. Көзі тірісінде еленбеген еңбектері қайтыс болғаннан кейін, барлық ғалымдардың назарын тартып, оның атақ-даңқы бүкіл Еуропаға тарай бастайды. Абельдің математикадағы зерттеулері көп жақты болған. 5-дәрежелі алгебралық теңдеуден басқа, одан да жоғары алгебралық теңдеулерін, топтар теориясын, сонымен бірге шексіз қатарларды, олардың қосындысын табудағы кейбір теоремаларды табады. Абелдің қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында жасаған еңбегі орасан мол болған, ол туралы С.Хермит (C.Hermite 1822~1901) былай деген еді : “Абель қалдырып кеткен еңбек математиктер үшін 150 жыл жұмыс істеуге жетеді ” .

Абель Нильс Хенрик-Норвегияның атақты математигі; 


Жүктеу: abel-nils-henrik.doc [38 Kb] (жүктелгендері: 348)
Қарау саны: 5 606     
Құрметті сайтқа келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы сияқты кірдініз, біз сізге тіркелуге немесе өз атынан кіруге ұсынамыз.

Пікірлер
(2)



Өте жақсы мәлімет wink

мәлімет өте жақсы

акпарат оте жаксы
Пікірді қосу
Сіздің атының: *
Е-mail: *
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Код: Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодті еңгізініз: