Қазақша
математиктер сайты

Математика сабағында оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптастыру.

Математика  сабағында  оқушылардың  білімдік  құзыреттілігін  қалыптастыру.
Әдістемелік қоржын
13:00, 25 тамыз 2013
9 540
2

 Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Қоғалытүбек ауылы
Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі
Математика пәнінің мұғалімі
Хайрушева Махаббат Омаровна

Математика сабағында оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі - математика.
12 - жылдық білім тұжырымдамасында орта білім берудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдында тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс – әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Оқушының білімдік құзыреттілігі деп оның шығармашылық, теориялық, практикалық дайындығының сапалық деңгейін айтамыз. Білімдік құзыретті оқушы - өзгеге үлгі, ортасының мақтанышы, адамгершілік қасиеттерге ие, өзгені және өзін – өзі дамытуға дайын қасиеттерге ие оқушы.
Құзыреттілік - адамың белгілі бір білім жүйесін тәжірбиеде пайдалана алу қабілеті де. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көрсетіп, нені,қалай және не үшін үйренетінін алдын – ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы. Құзыреттілікке үнемі іздену, өзін – өзі жетілдіру арқылы жетуге болады.
Негізгі орта мектептің оқушыларының білімдік құзыреттілігінің компонеттері: шығармашылық, практикалық, теориялық.
Шығармашылық - ( математикалық эрудициясы,ойлау интуициясы, танымдық қабілеті, күрделі есептерді шығара білу, өздігімен математикалық әдебиеттермен жұмыс істеу ) ;
Теориялық - ( аналитикалық ойлай, божай, жобалай және өзіндік ойлай білу, анықтамаларды жатқа білу және теоремаларды дәлелдей білу секілді негізгі теориялық іскеріктер );
Практикалық - ( негізгі практикалық іскерліктер: ұйымдастырушылық информациялық, дамыту,ориентацияық және коммуникативтік қарым – қатынас жасай білу, математиканы оқытуда ЭЕМ қолдана білу ).

Компонеттері

Көрсеткіштері

Шығармашылық.

1. Математикалық эрудициясы
2. Ойлау интуициясы
3. Танымдық қабілеті.
Теориялық. 1. Аналитикалық ойлай, болжай алу қабілеті
2. Өзіндік ойлау қабілеті;
3. Анықтамаларды жатқа білу және теоремаларды дәлелдей білу.


Практикалық 1. Негізгі практикалық іскерліктер (информациялық,ұйымдастырушылық, дамыту )
2. Ориентациялық және коммуникативтік қарым – қатынас жасай білу.
3. ЭВМ қолдана білу.

Шығармашылық. Танымдық қабілет пен шығармашылық ойлау процестері қысқа мерзімде қалыптаспайтындығы белгілі. Оқушылардың танымдық қабілетпен қанағаттандыруға шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар игі әсерін тигізеді. Шығармашылық таным қабілетінің артуы үшін оқытушы мен оқушының шығармашылық ізденулері өзара ұштасуы қажет.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология әдістерін пайдаланған тиімді.Олар: деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау және т.б.
Шығармашылық компонентте мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен таныстырады. Белгілі ғалымдардың тарихынан мәліметтер жинақтау,сонымен қатар әртүрлі тарихи есептер, логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептер және әзіл есептер шығарту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек.
Оқушының әр қадамына көңіл бөліп, мадақтап, қадағалап отырған дұрыс. Есептердің шығарылу жолына нұсқау беріп, өз бетімен орындалуына мүмкіндік беру.
Теориялық. Оқушылар математикалық ережелерді, заңдылықтарды жатқа білу керек. Мұғалім оқушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушы өз жұмысына анализ жасап, кеткен кемшіліктерін талдап, өзінің нені жетік білмейтініне көз жеткізеді. Алдағы істейтін, оқып – үйренетін материалдарын жоспарлайды, ізденеді.
Практикалық. Оқушының ізденістерінің нәтижесі көрінеді. Математикалық ережелерді, заңдылықтарды, теоремаларды дәлелдеудің әртүрлі әдіс – тәсілдерін тауып, есептерді шешуде ең тиімдісін, қолайлысын қолдана біледі. Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, оқу құралдарын, қосымша анықтамалық материалдарды пайдаланады.
Сонымен, негізгі метептерде математика сабағында оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптастыру – шығармашылық, теориялық және практикалық компоненттерден тұрады.
Білімдік құзыреттілікті қалыптастыру үрдісі моделінің мәні – педагогикалық білім мен іскерлікті меңгеруді маңыздыландыру және кәсіби тұлғалық қасиеттер мен жеке тәжірбиені құру.
Ол 3 сатыдан тұрады:
1) Мазмұнды іс жүргізу сатысында мұғалімнің ұстаз ретінде субьектілік бағытын жүзеге асырудың ғылыми негізі құрылады. Ол үшін пікір алмасу,өзін – өзі тану, ізденіс информацияларды сынмен талдау қолданылады.Бұл кезде білімдік құзыреттіліктің шығармашылық компаненті қалыптасады;
2) Жекелеу сатысында оқушылардың азды – көпті тәжірбиесін жаңа әдіс - тәсілдермен толықтырып, жаңарту және оған өзін – өзі жетілдіруге нұсқау беріп, оқу - тәрбие үрдісінде сабақтарды үйлесімді еліктеу, ойын түрлерінде жүргізу арқылы оларға білімдік құзыреттілік қалыптасады;
3) Тәжірбиелік сатысында оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптастырудың критерийлері мен деңгейлерін анықталады.
Негізгі мектеп оқушыларының білімдік құзыреттілігін қалыптастыру төмендегі педагогикалық жағдайлар жүйесін туғызғанда ғана нәтижелі жүргізіледі:
1) Ұйымдастырушылық: мектепте нақты қажеттілікке сай, оқушылардың білімдік құзыреттіліктерін қалыптастыруға және дамытуға ынталадыратын жүйелі және мақсатты оқу – тәрбиелік үрдіске диагностика жасау; өзіндік танымдық іс – әрекеттерін ұйымдастыру.
2) Әдістемелік: өзіндік білім алуға ынталандыратын оқыту материалының мазмұнын және оқыту әдістерін таңдау, педагогикалық ізденіс;
3) Ерекше жағдай: мектептің эмоционалдық – жәйлі және рухани өнегелі атмосферасы, белгілерімен және символарымен мәдениетті безендірілген, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы өзара сенімді және сыйлы қарым - қатынас.
Оқушының білімдік құзыреттілігін қалыптастыру негізінің мазмұнын оқушы тұлғасының сапалық мінездемелері құрайды. Оқушының білімдік құзыреттілігінің қалыптасқандығы оның өздігінен білім алуға дайындық көрсеткіші деп түсінеміз. Оқушының өздігінен білім алуға, ізденіске талпынысындағы іс - әрекетін табысты жүзеге асыруға қажетті білімдік құзыреттілігінің қалыптасқандығының деңгейлері анықталады.Олар: төмен, орташа, жақсы, өте жақсы.
Оқушының білімдік құзыреттілігін қалыптастырудың дидиактиакалық моделі өзара байланыстағы кезеңдерде жүзеге асады. Барлық кезеңдерде білімдік құзыреттілікті қалыптастыру дидикатикалық құралдар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бір кезеңнен екінші кезеңге көшкенде дидактикалық құралдар өзгеріп отырады.
Оқыту процесі шығармашылқпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінің ізденуі және де есеп шығару әдістерін іздеу арқылы қалыптасады.
Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бет алған тұста, әр баланы әр сабақтың кейіпкері ете біліп, шығармашылық шәкірт даярлай алған ұстаз ғана мақсатына жете алады деп ойлаймын.



Пікірлер саны (2)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. ляззат даурен
    ляззат даурен 7 қаңтар 2016 03:25
    оте жаксы жазылган
  2. Асел
    Асел 13 қараша 2018 18:14
    Жақсы мақала екен