Қазақша
математиктер сайты

Тапқыр математик

Тапқыр математик
Сайыстар
21:23, 24 мамыр 2016
5 571
4

Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.
Көрнекілігі: Плакаттар, эмблемалар, әр топқа арналған жанкүйерлердің қуатты сөздері.
1 - жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар!
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2 - жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар,
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.


1 - жүргізуші:
Есепті түрлі-түсті шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке де отырамыз.
2 - жүргізуші:
Олай болса, бұл не тұрыс
Сайысты біз бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазылармен таныстырайық!
1 - жүргізуші: Ал енді сіздерді сайыс бөлімдерімен таныстырайын:
1.Танысайық (топтың аты, ұраны, төс белгісі, газеті)
2 - жүргізуші:
2.Қонақ-кәде (үйден дайындап келген 1 ребус, 1 сиқырлы шаршыны екі топ бір-біріне береді)
1 - жүргізуші:
3.Ойлан тап! (өлең жолдарымен есеп оқылады)
2 - жүргізуші:
4.Сөз құрастыр (мысал жауаптары бойынша сөз құрастыру)
1 - жүргізуші:
5.Көкпар (топ басшыларына тест беріледі)
2 - жүргізуші:
6.Бас қатырғыш (логикалық сұрақтар)




1 - жүргізуші: Әр команданы ортаға шақырамыз, сайысымыздың өту тәртібімен таныстырамыз. Сайысқа 2 «А» және «Б» сынып оқушылары қатысады. Әр команда құрамы 6 оқушыдан тұрады.
2 - жүргізуші:Сонымен бірінші сайысымызды бастаймыз.«Танысайық» кезеңі. (5 минут)
1-топ- Жас қырандар. 2-топ-Жеңіс
1 - жүгізуші: Екінші сайысымыз «Қонақ-кәде» деп аталады. Оқушылар үйден дайындап келген 1 ребус, 1 сиқырлы шаршыларын бір-біріне ұсынады. (10 минут)
2 - жүргізуші:Үшінші сайысымыз «Ойлан тап» деп аталады. Оқушыларға өлең жолдарымен есеп оқылады.(2 минут)
100 асықтың 30-ын, Қолымда 60 алма
Досым сұрап алды 5-ін бердім апама,
Айтшы сонда нешеуі 5-ін бердім атама,
Өз қолымда қалады. (70 асық) Нешеуі қалды өзімде? (50 алма)

Табақта 55 алма Көлден ұшты 50 қаз,
Қолымда 5 алма Қайтып қонды 20 қаз
Барлығын қосқанда Қонбады оның нешеуі,
Болады неше алма? (60 алма) Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

1 - жүгізуші:
«Сөз құрастыр» сайысында берілген мысал жауаптары бойынша сөз құрастырады. (5 минут)
18+9 Р
15-7 Н
13+8 Қ
11-6 Ы
14+8 А



21 5 27 22 8

16+9 С
15+7 Е

17+4 Ң
14-8 Ж
12-8 І

6 22 21 4 25



2 - жүргізуші:
Көкпар (топ басшыларына 5 сұрақтан тест беріледі) (5 минут)


1. Сексен санының дұрыс жазылуын көрсет
А) 88
Ә) 80
Б) 8
2. 3 ондығы бар санды көрсет
А) 300
Ә) 3
Б) 30
3. 7+3=10 теңдігіндегі 7 қалай аталады?
А) қосылғыш
Ә) қосынды
Б) айырма
4. Х - тың мәні қаншаға тең? Х+20=70
А) 50
Ә) 90
Б) 60
5. Үшбұрыштың қабырғалары қандай фигуралардан тұрады?
А) сәулелер
Ә) кесінділер
Б) сызықтар

1. Көп нүктенің орнына қажет таңбаны орналастыр 8... 1 = 7
А) –
Ә) +
Б) =
2. Жоқ санды жаз 30, 40, 50, 60,... 80
А) 90
Ә) 70
Б) 100
3. Заттың салмағы қалай өлшенеді?
А) см
Ә) кг
Б) м
4. Есептің дұрыс жауабын көрсет:
Ілгіште 5 пальто болып еді, оның 4 - еуін алып кетті, ілгіште қанша пальто қалды?
А) 1
Ә) 5
Б) 13
5. Азайғышты белгіле 7 - 2=5
А) 7
Ә) 2
Б) 5
1 - жүгізуші:
6 - сайыстың атауы – «Бас қатырғыш». Бұл кезеңде оқушыларға логикалық сұрақтар қойылады.(5 минут)
1.Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
2.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
3. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
4.4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
5. Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?

1. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
2.Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
3.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
4. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
5.Үш дос қыз кездесті. Біреуі қара көйлек, екіншісі қызыл, ал үшіншісі ақ көйлек киген екен. Егер Сәуленің көйлегі қызыл да, қара да емес, Дананың көйлегі қызыл болса, онда Қатираның көйлегі қандай?

2 – жүргізуші: Ал енді сөз әділқазы алқасына беріледі.



Пікірлер саны (4)
Пікір қалдыру
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Адам екеніңізді дәлелдеңіз:*

  1. Нугуманова Нургул
    Нугуманова Нургул 11 сәуір 2015 14:04
    Басы қызық,ұнады.
  2. Толкын
    Толкын 1 мамыр 2015 22:45
    Бул есептерин опанай гой сал киын койсан болмас педи мен 6 сынырп окимын ал бул есептерди 1 сынып шыгарады
  3. айгуль
    айгуль 28 қазан 2015 08:48
    бастауыш сынып олимпиадасы тапсырмалары керек
  4. cайлаугуль
    cайлаугуль 9 қыркүйек 2017 16:58
    тапсырмадар керек еди комек керек