Кіру
Качественные бесплатные шаблоны dle скачать с сайта

Ойын түрлері

Авторы: admin
Ойын түрлері


Ойын түрлері



1.Көңілді санау
Бұл ойынды ұйымдастыру үшін түрлі формада бірнеше таблица жасайды. Таблицадағы цифрларды әр түрлі түспен және де фигураларда әшекейлеп жазған дұрыс. Таблицадағы орналасатын цифрлардың санын бірте-бірте көбейтіп, орналасуын да күрделендіре түскен дұрыс. Ойынды жүргізу әдісі: таблицадағы сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының таблицадағы сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы жеңіс иесі болады. Бұған төмендегідей таблицаларды ұсынуға болады.

Ойын түрлері
Ойын түрлері

2.Сіріңке шырпысы қолданылатын ойындар
Шырпыны қолдану арқылы түрлі фигуралар құрастыруға,бір немесе екі шырпының орнын ауыстыру арқылы басқа фигура алуға тиісті есептерді шешу –бұл ойынның шарты. Бұл ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға .математикаға қызығушылығын арттыруға болады.
Есептер:
№1 5 шырпыдан бесбұрыш құрастырылған. Шырпылардың орнын ауыстыру арқылы бір мезгілде үшбұрыш, төртбұрыш, және бесбұрыштан құралған фигура алу

.Стомахион ойыны:
Ертедегі гректер геометриямен айналысқанда, тек жердің ауданын, теңіз бен кеме ара қашықтығын өлшеумен шектелмей, геометриялық ойындармен айналысқан. Солардың бірі-стомахион ойыны. Бұл ойында квадратты 14 бөлікке бөліп, сол бөліктерден түрлі фигуралар құрастырылған. Бұл ойынмен ұлы ғалым Архимед жұмыстанған. Ол бұл ойын туралы шығарма жазған. Осы ойынмен сол кездерде қытайлықтар да ойнаған. Олар квадратты 14 емес, 7 бөлікке бөлген. Олар бұл ойынды «чи-чао-тю» (7 бөліктен 100 фигура) деп атаған. Бұл ойынды олар тағы да «танграмм» деп атаған.
Квадратты осы сызбадағыдай қылып бөліктерге бөлу керек.
Осы бөлшектерден түрлі фигуралар жасау -ойынның шарты. Әрине, бұл фигураны жасау оңай емес. Ол үшін ойлану қажет. Кезінде француз императоры Наполеонды соғыстағы жеңілістермен кейін «Құдыреті Елена» аралына құғын-сүргінге жіберілді. Ол жерде Наполеон осы танграм ойынымен айналысады. Квадрат бөліктеріне сол кезде полимино деп атаған.


.Математикалық жұмбақтар


- Нәрселерді санауға

Керек сан өзі негізгі

Басы бар да, шеті жоқ

Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан)



Сан ол сызықпенен бөлінген

Үсті алым,асты бөлім деп аталып,

Әсем түрде керілген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген

Дұрыс,бұрыс ,аралас деп

Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/


Оң сандарға қол шатырдай

Калпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Белгісі оның кетеді (квадрат түбір)


Бүтін сан, бөлшек сандар

Құрамына кіреді

Бұл R белгіні көрсетсеңіз

Қай сан екенін біледі (рационал сандар)





Үлкен, кіші сандар арасына

Таңбаларды қойған кезде

Алынады қандай өрнек

Білейікші оны бізде/теңсіздік/



Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшек)



Шар емес, дөңгелек емес

Бірақ осылардың бөлігі

Радиус,диаметрін іздегенде

Онсыз болмайды келісі
(шеңбер)


Екі бұрыш ежелден

Тату көрші болған екен

Бірін – бірі толықтырып

Бір түзуде жатады екен(сыбайлас)



Екі түзу қатар жүріп

Үшіншісін қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды.(айқыш, тұтас, сәйкес)




Қарама-қарсы қабырғалары

Параллель боп қосылған

Оқыңызшы аталуында

Параллель , грамм сөзі қосылған (параллелограмм)



- Нүктеден, екі сәуледен

Фигура ол құралды.

Айтыңдаршы канекі

Қалай ғана аталды (бұрыш)


Шелекке ұқсайтын дене

Біліңдерші сіз қане? /Цилиндр/
Жүктеу:
Қарау саны: 24 769     
Құрметті сайтқа келуші, сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы сияқты кірдініз, біз сізге тіркелуге немесе өз атынан кіруге ұсынамыз.

Пікірлер
(8)




қызық екен маган унады

Аудандық олимпиада есептері керек еді?

Қызық екен smile
Маған қалалық және аудандық есептер керек еді!!!


математикадан кІшІ академия такырыптары керек

Маган математикадан апталык откизуге кызыкты ойындар керек еди

Керемет, маған өте қатты ұнады. Рахмет сіздерге!
Пікірді қосу
Сіздің атының: *
Е-mail: *
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Код: Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодті еңгізініз: